Ақ босағаОтбасы

Замануи стильдегі жатын бөлме қандай болуы керек?

Жатын бөлме – әр адамның демалып, тынығатын орны. Заманауи мегаполистің тұрғыны үшін тәтті ұйқыдан асқан не бар? Шынында да, жатын бөлменің дизайны сізге жақсы көңіл-күй сыйлап, күні бойы өнімді жұмыс істеуіңізге әсер етуі қажет. Ендеше, жайлы әрі заманауи жатын бөлме қандай болуы керек деген сұраққа жауап іздеп көрейік!

 

Жайна ТАСТЕМІРОВА,
Сәулетші — дизайнер

+7 701 415 25 65
@zhaina_tastemirova

 

Замануи стиль
Заманауи стильдегі жатын бөлмелер соңғы кезде жиі сұранысқа ие болып жүр. Бұған интерьердегі минимализм мен жайлылықтың үйлесімділігі себеп болды. Мұндай стильдегі жатын бөлменің қабырғасы үшін ақ,сұр, қоңыр, қоңырқай түстер негізгі түс ретінде таңдалса жақсы. Ал интерьердегі қанық жасыл, сары, көк, қызыл түстер бөлмеге екпін береді.

Жарық
Жарықтың көп болғанын ұнататын жандардың айнаға назар аударғаны абзал. Оларды тек төсектің бас жағына ғана емес, бөлменің кез келген жеріне де орналастыруға болады. Еденнен төбеге дейін айналы
панельдерді де қолдануға болады. Олар бөлменің көрінісін түбегейлі өзгерте алады. Бұл жатын бөлмеде әртүрлі шамдарды байқауға болады. Жалпы, бөлмеде жарық беретін құралдар неғұрлым көп болса, дизайн соншалықты ерекше әрі тартымды көрінеді. Сондай-ақ, олар жатын бөлмесінен өзге де кез келген бөлмені жайлы етіп көрсете алады.


Ерекшелік
Қою түстер қолданылған жатын бөлмесінің дизайны әрдайым ерекше әрі сәнді көрінеді. Мұндай қанық жасыл түс адамның жанына жайлылық сыйлайды. Сондай-ақ аталған түс интерьерде ақтүспен жақсы үйлескен. Айта кету керек, төсектің бас жағындағы қабырғада суреттер мен түсқағаздар
жапсырылмаған. Олардың орнына молдинг қолданылған. Оның арқасында бөлме тартымды әрі
қымбат көрінеді.

Аксессуарлар

Заманауи жатын бөлмесінде аксессуарлар аса көп қолданылмайды. Себебі олар тіпті кең бөлменің өзін тар етіп көрсетуі мүмкін. Сондай-ақ түрлі картиналар мен қажетсіз заттардан бас тартсаңыз болады. Мәселен, суреттегі жатын бөлмеге қойылған бір ғана алтын түсті үстелше интерьерге керемет
үйлесе кеткен. Тіпті бөлмеге көрік беріп, көзге бірден түседі

Кеңістік
Еденнен төбеге қарай созылған ұзын шкафтар бөлмені кең әрі биік етіп көрсетеді. Онымен қоса ондай жиhaздар сыйымды болып келеді. Яғни,қажетсіз затардың бәрін жасыра аласыз. Сондай-ақ, қазіргі уақытта замануи стильдегі жатын бөлмелерге шыныдан жасалған шкафтар орналастырылатын болған.
Мұндай жиhaз өте сәнді көрінгенімен үнемі тазалық пен реттіліктің болуын талап етеді