Бала тәрбиесіОтбасы

Зерттеу нәтижесі: Көп ойыншықтың пайдасы аз

Қазір көзі ашық, көкірегі ояу ата-аналар баласына үйіп-төгіп ойыншық сатып алмайтын болған. Не үшін және енді балаға не сатып алу керек?

Осыдан бірнеше жыл бұрын ғалымдар балалардың көңіл-күйіне ойыншықтың қалай әсер ететінін бақылап, зерттеу жүргізіпті. Балақайларды рет-ретімен екі түрлі бөлмеге кіргізген: бірінші бөлмеде 4 ойыншық болса, екінші бөлмеге 16 түрлі ойыншық қойған. Алғаш кірген бөлмеде балалар қызығып ойнап, бір-бірімен араласып, белсенділік танытқан. Ал, екінші бөлмеде керісінше жылап, ойыншыққа таласыпты. Бұл ойыншық түрінің көп болуы баланың психикасына кері әсер ететінін дәлелдейтін тұңғыш зерттеу емес.

Кішкентай балалар бір уақытта бесеуден артық затқа ықылас қоя алмайды. Егер көз алдында алуан түрлі ойыншық толып тұрса, қайсысына назар аударарын білмей, жүйке жүйесіне салмақ түседі екен.

Сондықтан, психологтар балаға ойыншықты көп сатып алмауға кеңес береді. Алайда, «Алып бер!» деп дүкенді басына көтере жылаған баланы қайтпек керек? Сұрағанын қалай алып бермеуге болады?

Баланың қолын қайтарудың қажеті жоқ. Егер перзентіңіз әуел бастан саны шектеулі ойыншықпен ойнап дағдыланып қалса, оның аяқ астынан «Алып бер» деп шу шығаруы екіталай. Бұл баланың дамуына, белгілі бір затқа талдау жасауына, өзіне жауапкершілік алуына, өзінде бардың құнын білуге үйретеді. Сонда өмірде ең бастысы ойыншық емес, жақсы дос пен адами қарым-қатынас екенін ұғынып өседі.

Егер балаңыздың ойыншығы үйге сыймай жатса, онда оның біршама бөлігін жинап, тек 5-6 түрін қалдырыңыз. Келесі айда олардың орнына басқа 7 ойыншықты шығарып қойыңыз. Перзентіңіз сонда да дүкенге барған сайын мазаңызды алуын қоймаса, туған күнінде немесе кез-келген мейрам уақытында қалаған ойыншығыңды ала аласың деп келіскеніңіз жөн. Осылайша, әрбір ойыншығы оған қуаныш сыйлап, ұзақ уақыт бойы қызығы басылмайды. Супермаркеттерден жоспарсыз ойыншық сатып алуды доғаңырыз.

Әдетте, балалар өзіне дұрыс көңіл бөлінбей жатқанын, махаббатты қажет етенін және ата-анасының жылуын сезінгісі келетінін қалай жеткізу керек екенін білмейді. Сондықтан, үлкендердің махаббатын тексеру мақсатында ойыншық алып беруін талап етеді.

Дәл осы ретте бала тәрбиесіндегі әдісіңіз бен отбасындағы өзара қарым-қатынас жайлы ойлану керек.

Ата-аналардың дені балаларына аз уақыт бөлетінін іштей мойындап, «Алып бер» деген затының бәрін алдына тосуға дайын. Әрине, кім болса да, өз сәбиіне тек жақсыны ұсынғысы келеді. Алайда, барлығы орнымен болуы шарт.

Ойыншық сатып аларда ескерілетін 5 ереже:

  1. Ойыншықты жасына сай таңдаңыз. 2 жасар баланың роботпен ойнамай, керісінше, жылап, қорқары анық. Егер жақындарыңыздың бірі осындай сыйлық алып келсе, сәбиіңіз өскенше жасырып қойыңыз.
  2. Құрылымы қарапайым ойыншықтарды таңдаңыз. Пішіні қаншалықты қарапайым болса, оның қиылдау, елестету қабілеті де соншалықты жақсы болады. Баланың құрастырғыштар арқылы үлкендердің ойына келмейтін дүниені жасап шығу мүмкіндігі бар.
  3. Әр түрлі ойыншықтар сатып алыңыз. Қызыңызға бір-біріне ұқсайтын бірнеше қуыршақ сыйлаудың қажеті жоқ. Оның орнына қағаз қуыршақ сыйлаңыз. Ол ойыншығына өзі киім тиігіп, шығармашылыққа бір табан жақын өседі.
  4. Гаджеттерден бас тартыңыз. 3 жасқа дейінгі балаларға гаджетті күніне 5-7 минуттан артық қолдануға болмайды. Ал, бастауы сынып оқушыларына 30 минут жеткілікті. Бұл уақыттарды ғалымдар ұзақ уақыт бойы жүргізген зерттеулеріне сүйене отырып бекіткен.
  5. Балаңыз екеуіңізге ортақ дамытушы ойындарыңыз болсын. Мысалы: мемо, шахмат, дойбы, домино, үстел үстінде ойнауға болатын күрделі ойындар және т.б. Бір жағынан балаңызға көңіл бөліп, бірге уақыт өткізесіз, екінші жағынан интельектуалдық қабілетін шыңдайсыз.
  6. Ойыншықтың санын азайтқанмен, сапасына мұқият болыңыз. Тексерілгнен дүкендерден қымбат емес брендтерді таңдаңыз. Ең басытысы, ойыншық табиғи материалдардан жасалған болсын.