ОтбасыОтбасы бюджеті

Жалақыны үнемдеудің 5 тәсілі

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, елдегі халықтың 90-95 пайызы ақша тапшылығын айқын сезінеді. Бұған қаржы сауатсыздығы тікелей себеп болып отыр.

Бұл материалда біз ақшаны үнемдеуді ең әуелі неден бастау керек деген сауалға жауап іздейміз.

Өмір сүру деңгейіңіздің төмендігіне арыздана берудің орнына тапқан табысыңызды үнемдеп, жинақтауды үйренгеніңіз абзал.  Себебі жалақыдан бөлек жиналған ақша ертеңгі күніңізге деген сенімділікті арттырады.

Жалақыңыз анау айтқандай көп болмаса қосымша табыс табу жолдарын іздестіріңіз. Қазір ғаламтор арқылы тұрақты түрде ақша табудың бірнеше тәсілі бар.

  1. Ақшаның құнын біліңіз

Біреулер ақшаны фриланс арқылы үйде отырып табады, ал біреу айлық жалақыны күндіз-түні аяғынан тік тұрып алады. Сол себепті қолыңызда тұрған ақшаны бірдеңеге жұмсамас бұрын, оны алу үшін қанша сағат жұмыс істегеніңізді есептеңіз.

2. Қарыздардан құтылыңыз

Қарызға белшесінен батқан, банктерде бірнеше несиесі бар адам қаржысын басқара алмайтыны анық. Егер сіз сондай адам болсаңыз, демек ең әуелі қарыздардан құтылғаныңыз жөн. Ал егер ол әзірге мүмкін болмаса, барлық табысыңыздың 5%-ын жинақтай бергеніңіз абзал.

3. Отбасылық шығындарыңыз бен кірістеріңізді есептеңіз

Жалақы алған күннен бастап оны неге жұмсағаныңызды дәптерге жазып жүріңіз. Чектерді сақтап, кез келген тіпті ұсақ шығынның өзін түртіп жүрген маңызды. Табысыңызды комуналдық төлем, азық-түлік, ұялы байланыс секілді міндетті төлемдерге бөліп тастаңыз.

4. Азық-түлікке ақша үнемдеу

Адам ақша үнемдегісі келсе ең әуелі тамақтан бастайды. Яғни, арзан, сапасы нашар азық-түліктерді сатып алып, денсаулығына нұқсан келтіріп жатады. Бұл әрине дұрыс емес. Егер сіз ас мәзіріңізге назар аударатын болсаңыз, түкке пайдасы жоқ өнімдерді тұтынатыныңызды байқайсыз. Мәселен, тәтті бәліш, фаст-фуд, торт. Бұлар тек денсаулығыңызға кері әсерін тигізіп қана қоймай, қалтаңызды да қағады. Сол себепті пайдалы өнімдерді көбірек тұтынып, дұрыс тамақтануға тырысыңыз.

5. Дүкенге ер адамның барғаны абзал

Ғалымдар ер адамдардың әйелдерге қарағанда саудаға суыққанды болып келетінін дәлелдеді. Яғни, еркек нәзікжанды секілді жоспарсыз кез келген  затты сатып алмайды. Сол себепті дүкенге екінші жартыңызды жіберіп тұрыңыз.