Ақ босаға

Жаңа жылда дастарқанды қалай безендірген дұрыс?

Көздің жауын ала көмкерілген жаңа жыл қарсаңындағы үстел жылдың осы мезгіліне деген махаббатымызды оята түседі.  Үстелді безендіру кезінде қызыл, қызғылт сары, алтын, күлгін, сары және күрең қызыл, жасыл, ақ түстерге басымдық берген жөн. Назарларыңызға өзгеше идеяларды ұсынамыз.

Табиғи заттарды пайдаланыңыз!

Үстел әзірлеу кезінде қарағай, шырша, самырсын бүршігін, емен жаңғағы мен талшын жемісін өз қалауыңызша пайдаланыңыз. Олардың барлығы дастарқанға ерекше сән беріп, әдемі әшекей болады.

 

Әдемі гүл – әдемі көңіл күй

Гүлдерді шебер қолдана білу – өнер.  Бұл композицияға қызыл, сары, қоңыр түсті жапырақтарды қосу артық болмайды. Үстел үстіндегі мұндай көрнекті, әсерлі гүлшоғы ешкімді бейжай қалдырмасы анық. Гүлшағының әдемі көрінуіне оның құмырасы өте қатты әсер етеді. Сондықтан,  гүлсалғыш сатып алар кезде пішініне, түсіне, сапасына өте мұқият болыңыз. Ыдыс-аяқ, тексиль және декор бұйымдарын сататын My Home дүкенінен пішіне ерекше, түсі өзгеше құмыраларды таба аласыз. Бағасы да қолжетімді.

Романтикаға орын қалсын

Балауыз – күздік дастарқанның өзіндік ерекшелігі. Оларды жеке қолдансаңыз да, ойластырған композицияңызға қосымша ретінде пайдалансаңыз да үйлеседі. Романтикалық кешкі ас кезінде алма мен асқабақты ойып, ішіне балауыз орнатыңыз. Бұл ең қызықты шешім болмақ.

 

Әрбір үйдің ханымы ыдыстарының өзгеге ұқсамайтын ерекше, әдемі болғанын қалайды. Ас салатын үлкен ыдысынан бастап кесесіне дейін біркелкі көрінгенін ұнатпайтын кім бар?! Көңіліңізден шығатын ыдыс-аяқтарды қазір әлеуметтік желі арқылы тапсырыс беріп, өз үйіңізге алдыртуыңызға болады. Мұндай қызмет түрін Шымкент қаласында орналасқан My Home дүкені ұсынады. Дүкеннен Германия, Ресей, Италия, Түркиялық фарфор ыдыстарды және тағы да басқа текстиль бұйымдар мен безендіру құралдарын табасыз.

 

 

Дүкенмен байланыс:  @myhome_textiledecor
Мекенжай: Шымкент қаласы,
«Mega Planet» СОО

 

Суреттердің барлығы MyHome Textildecor дүкеніне тиесілі