Ақ босағаОтбасы

Жаңа жылға дайындық. Мерекелі дастарқанды бірге әсемдейік!

Жаңа жыл сиқырға толы мейрам. Дәл осындай маңызды күні дастарқаныңыз жайнап тұрсын десеңіз, "Сырласу" мен Ahmad Tea дайындаған мынадай қарапайым кеңестерге көз салыңыз.

2019 жыл – доңыз жылы болмақ. Бұл жылды жақсы көңіл күймен қарсы алған адамды қуанышқа толы 365 күн күтіп тұр. Сондықтан, мерекеге алдын ала, мұқият дайындалған дұрыс. Сиқырлы түнде жақындарыңызды таңқалдырғыңыз келсе, дастарқанға аса назар аударыңыз.

Дастарқан таңдайық.

Жаңа жыл стиліне сай әсемделген дастарқан – жүрекке жылу, көңілге шаттық сыйлайтыны бәріне мәлім. Мерекеде үстелді гүлдендірмес бұрын, дастарқанның сапасына көңіл бөліңіз. Ол мүмкіндігінше жаңа болуы керек. Қызыл түсті, зығыр матадан тігілген дастарқанды таңдап, дәл ортасына ақ немесе алтын түстес жолақты төсеп қойсаңыз, тіпті жақсы. Осылайша мерекелік үстел қымбат көрінеді.

 

Түстер шеруі.

Жолақтың үстіне шыршалы жүзіктерді қойып, дастарқанның көркін одан әрі аша түсуге болады. Сонымен қатар, шырша ойыншықтарын да үстел үстіне жайғастырып қойған ерекше әдемі көрінеді. Шырақтарды да қоюды ұмытпаған абзал. Дегенмен, түстерге ерекше назар аударыңыз. Мәселен, қызыл түсті дастарқанның үстіне көк, күлгін түсті заттарды баттастырып қоюдың қажеті шамалы.

Құрал-саймандар. 

Дастарқанда міндетті түрде маталы және қағаз майлықтар болуы тиіс. Маталы майлықты арнайы жүзіктерге кигізіп, жинақтап қою керек. Ал, қағаз майлықтар тәрелкенің оң жақ жанына жайғассын.

Ыдыстар суреттегі ретпен тұру қажет. Көлемі кіші шанышқы мен пышақ салатқа арналса, көлемі үлкен құралдар ыстық тамаққа қолданылады. Сонымен қатар, астыңғы үлкен тәрелке негізгі тамаққа, ал кіші тәрелке салат үшін беріледі. Шай қасық кесеге параллель жатуы тиіс. Ал сусын ішетін бокал тәрелкенің оң жақ жағына қойылады.

Жанға жайлы сыйлық.

Жаңа жылды дәмі тіл үйіретін ыстық шаймен қарсы алыңыз. Ahmad Tea бүгінде шайдың түрлі топтамасын жарыққа шығаруда. Қазіргі таңда Ahmad Tea әлемнің 80 еліне тараған. Шай кез келген дастарқанның көркін аша түсетіні сөзсіз. Сонымен қатар, мерекеге арнап шығарылған тамаша шай жиынтығын отбасы мүшелері мен достарыңызға сыйлық ретінде табыстауыңызға болады.