ДенсаулықЖүктілік

Жүктілік кезіндегі қыжыл: себептері мен айығудың жолдары

Халық арасында «Жүкті әйелді қыжыл мазаласа, құрсақтағы бала көп шашпен туылады» дегенжорамал бар. Дәрігерлер бұл ырымды жоққа шығармайды, бірақ растамайды да. Олар мұндай жайсыз жағдайдың нақты себептерін және онымен күресудің жолдарын ұсынады.

Жүкті әйелдерді қыжыл көп жағдайда екінші немесе үшінші үшайлықта мазалайды. Қыжыл (қышқылды диспепсия) көкірек қуысындағы жағымсыз күйік сезімі. Аяғы ауыр әйелдерде ол жүрек айнуы, құсу, тамақтың, іштің және асқазанның ауырсынуы арқылы көрініс береді, тіпті қыжыл барысында жұту да қиынға түседі. Салдарыұйқы мен тамақтанудың бұзылуына әкеліп соғады.

Ауырсыну жатқанда және төмен қарай қисайған кезде, сондай-ақ тамақ жегеннен немесе сусын ішкеннен кейін туындайды.

Қыжылдың себептері:

Жүктілік кезіндегі қыжыл: себептері менайығудың жолдары

Гормондық өзгерістер

Құрсақ көтерген кезде өте маңызды гормондардың бірі прогестерон (жүктілік гормоны) өндірісі жоғарылайды. Ол түсік тастамау үшін жатырдың бұлшықеттерін босаңсытуға жауап береді. Бұл гормонның әсері болашақ ананың ағзасына, соның ішінде өңешке, асқазанға және ішекке таралады.

Өңеш пен асқазанның арасында тамақ асқазанға түскеннен кейін жабылу керек сфинктер (бұлшықет) бар. Алайда прогестерон гормонының әсерінен оның өнімділігі нашарлайды, сондай-ақ жағдайды одан сайын ушықтыратын процесс: қоректің өңешке тұз қышқылымен қайтуы. Айта кетерлігі, мұндай жағдайда гормоналды теңгерім бұзылып, асқазан сөлінің қышқылдығы артады, салдары қыжылдың пайда болуына әкеледі.

Механикалық әсер

Жүкті әйелдерде екінші үшайлықтан бастап жатырдың көлемі ұлғаяды, асқазан-ішек жолдарында қысым пайда болады. Асқазан көлемі азайғандықтан, оның ішіндегі заттарды өңешке тастауға жағдай жасалады.

Қыжылдың туындауына артық салмақ та себеп болуы мүмкін. Ауыр салмақ әсерінен қан қысымы іш қуысына әсер ете бастайды. Мұндай жағдайда тар киім кимеген жөн. Егер ол асқазанды қысып, одан сайын қатайтса, бұл асқазаннан қышқыл шығуына әкеліп соғады.

Қыжылды тудыратын тағамдар:

Майлы балық түрлері, ет;
Сүт өнімдері, қышқыл сүт. Қыжыл кезінде сүтке көкөніс немесе лактозасыз кілегейлерді қосу арқылы қолдануға болады;
Піскен өнімдер, фаст-фуд;
Цитрустық жемістер, киви, жасыл алма, бөріжидек, қарақат;
Қызанақ;
Шоколад;
Қақталған және маринадталған тағамдар;
Газдалған сусындар;
Көп қайнатылған жұмыртқа.

Жүктілік кезіндегі қыжылдың алдын алу жолдары

Диета ұстау

Құрсақ көтерген уақыттағы диета қарапайым адамның ұстанатын диетасынан мүлде бөлек. Болашақ ана дұрыс әрі әртүрлі, пайдалы тағамдарды тұтынуы тиіс. Қыжыл тудырмайтын тамақ өнімдерін (көкөністерді, жемістерді, сүтті өңдеп) дайындап, жиі сұйықтық ішу керек.

Қыжыл кезіндегі диета өсімдік тағамдарына қойылған шектеулерден ағзаға қажетті минералдар мен дәрумендердің жетіспеушілігіне әкеліп соғуы ықтимал. Мәселенің алдын алу мақсатында жүкті әйелдерге арналған дәрумендер мен минералды кешендерді қабылдаған жөн.

Өмір салты

Тамақты асықпай, жақсылап шайнау керек. Тамақтану рационын жиілетіп, ал тамақ мөлшерін азайтқан дұрыс.
Тамақтану процесінен кейін міндетті түрде жаяу жүру қажет. Бірден көлденең позицияны қабылдауға және еңкеюге кеңес берілмейді.
Дұрыс ұйықтау керек. Жүктілік кезеңіндегі қыжылдың алдын алу мақсатында басты көтеріп, жастықты биіктеп ұйықтаған жөн.

Қыжылға қарсы ем

1. Ас содасы – қыжылмен күресудің кең тараған «халықтық» емі. Бұл әдіс шынымен де тез әсер етеді, десе де әсері жылдам басылады. Шынтуайтында, сода асқазан сөлімен әрекеттесе отырып, тұз қышқылының қосымша бөліктерін шығарады да, салдарынан қолданылған ем қыжыл туындауына әкеліп соғады.
2. Сүт. Оның құрамында қышқылдық деңгейін төмендететін ақуыз және антацидтердің көп мөлшері бар. Қыжылдың қайтуы үшін бір стақан сүт ішу жеткілікті. Әсерді күшейту үшін аскөк тамшысын қосуға болады. Дейтұрғанмен, кейде сүт керісінше әсер етіп жатады.
3. Газдалған емдік-асханалық минералды су. Қыжыл басталған кезде минералды суды аздаған жұтыммен ішкен жөн.
4. Ұнтақталған жұмыртқа қабығы. Қабық құрамында кальций карбонаты бар, ол ағзадағы қышқыл деңгейін төмендету әсеріне ие. Егер бұл ем ұзақ уақыт көлемінде қолданылса, қарсы әсерге ие болуы мүмкін.
5. Сәбіз шырыны. Ол қышқылдықты бейтараптандыруға қабілетті.
6. Сұлы жармасының ботқасы бүркеніш қасиетке ие, дәл осы себепті ол жағымсыз сезімдерді бұғаттай алады.