Ақ босаға

Жуынатын бөлмені жарқыратуға арналған 10 бюджеттік лайфхак

Жуынатын бөлме үйдегі шағын әрі көрнекі кеңістіктердің бірі болып саналады. Көп адамдар «ол бөлмеде қонақ қабылдамаймыз ғой» деп жуынатын бөлме дизайнына келгенде қаражатты қалтаға басып қалады. Тіпті бұл бөлменің интерьер дизайны туралы әуел бастан ойласаңыз да, ванна бөлмесінің дизайны күш пен ақша көлеміне қарай жасалады. Сол себепті де жуынатын бөлме тек қажеттілік үшін ғана аяқ басатын бұлыңғыр бөлмеге айналады. Бұған қай уақытқа дейін шыдауға болады? 

Едеше, қарапайым ваннаны бес жұлдызды сән-салтанатқа айналдырудың 10 үнемді әдісін ұсынатын боламыз.

Көзге көрінетін аяқ төсенішін таңдаңыз

Ашық түсті, ерекше үлгіде жасалған төсеніш болса, тіптен керемет. Сондай-ақ минимализм стиліндегі төсеніштер де жақсы таңдау болмақ. Қалай болғанда да, сәнді ванна бөлмесінде жақын маңдағы тұрмыстық заттар дүкенінен алынған жалықтырғыш сарғыш кілемдерге енді орын жоқ, таңдау қиынға соқса, ғаламтордың не ұсынатынын қарап көріңіз.

Сәнді аксессуарларды таңдаңыз

Сабын ыдысы, сұйық сабынға немесе қолжуғышқа арналған диспенсер, тіс щеткаларына арналған стақанның бәрі дерлік бірдей үлгіде болғаны жөн. Мөлдір шыны (яки шыныдан салмағы бойынша ғана ажыратуға болатын қымбат әрі қалың пластик) шынымен де сәнді көрінеді. Түрлі түсті сусабындар мен бальзамдарды біркелкі құтыларға құйыңыз.

Ескі плиткаларды ауыстырыңыз

Ескі тақтайшаны алып, орнына жаңасын қою қалтаны қағатындығынан, әлбетте, хабардармыз. Десе де, қытай өнеркәсібі әлдеқашан плитка түріндегі өздігінен жабысатын қабықшаларды ойлап тапты: қалың, көлемді, сондай-ақ оны керамикадан ажырату да қиын. Ал олардың түсі көз тартарлық! Тақтайша орнататын тасшыны шақыртудың қажеті жоқ, жабыстырылған пленкалардың арасынан ештеңе де ақпайды.

Сүлгіні ауыстырыңыз

Жуынатын бөлменің сүлгісі жаңа, үлкен, қалың әрі интерьер түсіне сәйкес бір түсті болуы тиіс! Оларды әдемілеп жинап қойыңыз.

Доңғалақтары бар этажерканы қойыңыз

Құрыштан, қара жабыннан немесе ағаштан жасалған этажерканы таңдау өз еркіңізде. Алайда этажерка әртүрлі бөтелкелері, бұрыштарында жайылған сүлгілері мен шаш кептіргіштері бар оншақты ілулі сөрелерден әлдеқайда жақсы шешім емес пе?! Барлығы бір жерде және қолжетімді болсын.

Ерекше принт іліңіз

Жуынатын бөлмедегі қабырғалар жұтаң көрінеді, жайлылық сезілмейді! Қабырға сурет қоятын болсаңыз, ол ылғалдан нашарлайтыны анық, сол себепті принт туралы ойланып көріңіз. Ол жарқын және өзгеше дүние болса, тіптен керемет. Сондай-ақ, принттің интерьерге сәйкес келуі міндетті емес.

Дәретхана отырғышын ауыстырыңыз

Бұл да өзгешелікті талап етеді. Жасанды былғарыдан жасалған ыңғайсыз пластикалық дәретхана орындықтарын қоймаңыз, себебі ол – гигиенаға қайшы. Құрылыс және сантехникалық гипермаркеттерде ағаш дәретхана орындықтарын іздестіріп көріңіз: олар түрлі түсті әрі «табиғи» болып келеді.

 Гүлдермен сәндеңіз

Қолыңызда бар жасанды өсімдіктермен де сәндесеңіз болады, алайда тірі гүлдер, әрине, жақсы. Фаленопсис, монстера және сансивериямен терезесіз ванна бөлмесінде де өзіңізді керемет сезінесіз әрі көз қуантады. 

Төбені бояңыз

Төбемен бірге сырлы кірпішпен жабылмаған қабырғаларды да бояған жөн. Ашық түске боялған кеңістіктің қаншалықты өзгеріске ұшырап, жарқырап шыға келетіндігіне куә боласыз. 

Жарық қосыңыз

Шұңғылшаның үстіндегі айнаның екі жағына жаңа үлгідегі сәнді шамдарды ілу арқылы жуынатын бөлмеңіздің жаңа келбетін көресіз.