Ас мәзіріСалат

Жылқы еті мен моцарелла салаты

Құрамы:

125 грамм жылқы еті

1 дана қызанақ

«Моцарелла» ірімшігі

«Песто» соусы

райхан жапырақтары

тұз, бұрыштар қосындысы

Дайындау әдісі:

Жұқа әрі дөңгелектеп келісген жылқы етіне тұз, бұрыш, зәйтүн майын қосып сіңдіріп алыңыз. Дәмдеуіштері сіңген етті пеште қызартып қуырасыз.

Табаққа «Пестаны» құйып, үстіне ретімен дөңгелектеп туралған қызанақты, ірімшікті және қақталған етті орналастырыңыз.

Салатыңыз дайын. Тағы да үстемелеп соус құю – салаттың дәмін кіргізе түседі. Райхан жапырағымен әсемдеп, татымына қарай тұз, бұрыш және зәйтүн майын қосуға болады.