Құрамы:
650 г сиырдың еті
10 г хош иісті шөптер (тасшөп, гүлшетен)
2 д. сарымсақ
30 г зәйтүн майы
100 г салат жапырағы
1 д. шалғам
2 д. чили қызанағы тәтті-қышқыл соусы
Дайындау әдісі:
1. Етті жуып, кептіріп, бетіне қара бұрыш, туралған сарымсақ, хош иісті шөптерді жағып шығып, маринадтау үшін ас пленкасына орап қойып қоямыз.
2. Маринадталған етті қыздырылған табаға немесе гриль пешіне әр қырын 1-2 минуттан аударып пісіреміз. Ақырын отқа қуырып алу әдісін бірнеше рет қайталаймыз.
3. Ал, оны хоспер гриліне пісіргіңіз келсе, торшасына етті қойып, 10-12 минут 250-300 С-та пісіріңіз. Еттің бірінші беті қызарғаннан кейін, келесі бетіне аудару керек. Еттің қызарып, былқылдап піскені жақсы.
4. Стейк дайын! Оның қасына салат жапырағы, жұқалап туралған шалғам, қызанақты тәтті-қышқыл соусқа араластарып берсе, көркіне, дәмі сай болып шыға келмек.
Тағам тарихы:
Бұл американдық классикалық стейктің кең тараған түрі. Ол негізінде 450 гр-нан кем емес етті құрайды және тәтті-қышқыл соусымен бірге беріледі. Стейк үшін малдың арқа мен қаңқадағы бел бөлігінен T-тәрізді ет кесіп алынады. Сондықтан ол «Ти-бон» деп аталады.
Тағамды дайындаған “Quality” мейрамханасының аспазы Илья Скугоревский