Дене күтіміСаулық үшін

Голливудқа бес қадам жақынырақ бол

Салауатты өмір салты дегеніміз – жалпы мықты денсаулық пен жарқын  келбеттің мойындалған кепілі ғана емес. Денсаулықтың жақсы болуы бүгінде сәнге айналды! Бұл үрдістің қалыптасуына Голливуд жұлдыздары әсер етті, олар диета ұстау, үнемі жаттығу және психологиялық жайлылыққа көңіл бөлу арқылы өзіңе қамқорлық жасауға шабыттандырады. Біз солардан үлгі алғымыз келеді!

Жаман әдеттерден бас тарту, өміріңізді жақсы жаққа өзгерту үшін қандай қадамдарға бару керегін профессор, салмақты бақылау және теңдестірілген тамақтану бойынша жетекші американдық сарапшы, Herbalife тамақтану институтының жетекшісі Дэвид Хибер айтып береді.

 

 

Әдет деген не?

Әдет – жұмысқа көлікпен келемін, кешке телебағдарламалар көремін және кеш жатамын, ал жұма күндері мен достарыммен мейрамханаға барып, барбекю жеп, сыра ішеміз және т.б сияқты қайталану жүйелілігіндегі  өміріміздің бір бөлігіне айналған мінез-құлық үлгілері.

Әдет үш кезеңнен тұрады: процесті бастайтын триггер, нақты үйреншікті әрекет және оны жасау кезінде біз алатын ләззат. Әдет қалыптасқан кезде ол санадан тыс деңгейге өтеді. Дегенмен жақсы жаңалық мынада: әдетті қалыптастыратын  нәрсені түсінгенде оны жақсы жаққа өзгертүге  болады, одан алатын ләззат та сол қалпы қалады.

Мінез-құлық үлгісін өзгерту арқылы біз әдеттің өзінен құтыламыз. Ол үшін келесі қадамдарды орындау жеткілікті:

1. Саналы қадам

Әдеттен бас тартудың бірінші қадамы – оның бар екенін түсіну. Сіз стрессті «жұтып қоясыз ба»? Сіз түскі астан кейін үнемі қосымша тамақ ішесіз бе? Физикалық белсенділіктен қашасыз ба? Ұйқыңыз тыныш емес пе? Мәселе  күні бойы тұтынған тамағымыздың граммына дейін дәлме дәл  қадағаламауда. Бұл жерде процесті бақылау туралы сөз болып отыр. Зерттеулер көрсеткендей, өзін-өзі бақылау оң нәтижелерге тезірек және тиімдірек қол жеткізуге көмектеседі.

2. Өзіңе талдау жасау

Ең тұрақты әдеттер тамаққа байланысты. Өйткені бұл жағдайда «менің сүйікті пиццамның иісі мен дәмі қандай керемет» деген секілді ләззат алу сезімі қосылады. Нәтижесінде миымыз бұл әдетті дофаминнің – бақыт гормонының көзі ретінде қабылдай бастайды және біз одан бас тартқанда ыңғайсыздық сигналын береді.

Сізді белгілі бір «дәмді тағамды» жеуге не итермелейтінін талдап көріңіз. Ұйқыңыз қанбады, таңғы ас ішуге уақыт болмады, ал таңертең кеңседе бірден шоколад пен кофеге жүгірдіңіз бе? Жұмыс аптасынан шаршағаныңыз сонша, сенбідегі барлық жоспарларыңыз теледидар алдында демалу ма?

Триггерді анықтай отырып, түн ортасында сериал қарауды толыққанды ұйқымен немесе сенбідегі теледидар алдындағы  пиццамен отырыстарды табиғатта отбасылық серуенмен ауыстыру арқылы оларды бейтараптандыруға болады. Маған сеніңіз, сіз өзіңізді әлдеқайда жақсы сезінесіз!

3. Стрессті басқару

Стресс – салауатты өмір салтына апаратын жолдағы кедергі тудыратын негізгі себеп: біз оны белсенді түрде «жұта» бастаймыз, нашар ұйықтаймыз, фитнес-клубқа баруға, тіпті достармен сөйлесуге күшіміз жетпейді.

Терең тыныс алу, бұлшықетті толық босаңсыту және медитация  – стрессті тудыратын және әдеттегі мінез-құлықты жақсы жаққа өзгертуге жол бермейтін оқиғалардан ойды бөлетін, дәлелденген әдістер болып табылады. Стресспен күресу үшін мен Relaxation Response техникасын ұсына аламын. Міне, процесті бастау үшін нұсқаулық:

♦  Ыңғайланып отырыңыз.

♦  Көзіңізді жабыңыз.

  Кезекпен табаннан бастап басқа дейінгі барлық бұлшықетті толығымен босаңсытыңыз. Денеңізді бос күйде ұстаңыз.

♦  Мұрын арқылы дем алыңыз. Өзіңіздің тыныс алуыңызды тыңдаңыз.

Жаттығуды 10 – 20 минут ішінде жалғастырыңыз.

4. Тұрақты дене жаттығулары 

Қозғалыңыз! Аптасына бар болғаны 150 минуттық физикалық белсенділік стрессті азайтуға және ұйқыны қалпына келтіруге көмектеседі. Сізге ұнайтын физикалық белсенділікті таңдаңыз. Көп адам таңертең дене шынықтырумен айналысуды жөн көреді. Аптасына бес рет жарты сағат жылдам қарқынмен жүру – тамаша бастама!

Эспандер-таспасын, жеңіл жүк немесе өз дене салмағыңызды пайдаланып, созылу жаттығуларын орындаңыз. Осылайша сіз көбірек калория жағасыз, күшейесіз және дене бітіміңіз формаға келеді!

5. Бірге жақсырақ!

Салауатты өмір салты мен бақытты өмір жолында әлеуметтік қолдаудың маңызы зор. Әдеттерді өзгерту оңай процесс емес екенін бәріміз білеміз, сондықтан пікірлестердің қолдауы, олардың тарапынан кеңес пен мотивация шешуші рөл атқаруы мүмкін.

Ал егер сіздің мақсатыңыз өміріңізді өзгерту, көңіл-күйіңізді жақсарту және дене бітіміңізді ретке келтіру болса, сіз әрқашан Herbalife-тың тамақтану жөніндегі кеңесшісіне жүгіне аласыз. Оның және салауатты өмір салты клубының басқа да мүшелерінің арасынан өзіңізді әрқашан қолдайтын және сізге қосымша мотивация беретін пікірлестерді табасыз.

Бүкіл өмірін Лос-Анджелесте өткізген және 40 жылдан астам мансабында көптеген Голливуд жұлдызына жеке кеңес берген адам ретінде мен жарқыраған күлкі мен мінсіз дене бітімінің артында күнделікті жұмыс пен мақсатқа жетуге деген ұмтылысы күшті жеке тұлға бар деп сеніммен айта аламын. Мен сізді де өз өміріңіздің сапасын жақсарта алатыныңызға сенімдімін. Тек бастап кетсеңіз болғаны!