Ақ босағаСаулық үшін

Қылшықтарға аллергиясы бар жандарға таптырмас кеңес

Үйдегі шаш, үй жануарларының қылшықтары мен кілемнен сөгілген жіптер әр әйелдің жүйкесін жұқартатыны анық. Оны тіпті апта сайын қолмен тазалайтындар да жетерлік. Ал үйіңізде айтылған қылшықтарға аллергиясы жандар болса не істейсізер? Онда апта сайын емес, сағат сайын қолға щетка алып күніңізді өткізетініңіз анық. Енді бұл міндеттен құтыласыз! Мәселенің шешімін Thomas бренді тапты.

Шаң-тозаң, қылшықтар мен шаштар, үй жануарларынан түсетін жүн енді Aqua box-ы бар бірегей THOMAS PET & FAMILY шаңсорғышының еншісінде. Бұл – инновациялық қуат, жоғары тиімділік және үйіңіздің тазалығын сақтауда пайдалы гаджет.

Үй жануарлары бар отбасылардың қажеттіліктерін толық жаба алатын бұл шаңсорғыш мінсіз тазалыққа қол жеткізуде біздің тұтынушыларымыздың шынайы көмекшісі болып үлгерді. Бір сәтке әр бұрышы балғындыққа толы, ал ауасынан жеңілдік сезілген үйді елестетіңіз. Aqua box-ы бар THOMAS PET & FAMILY жай шаңсорғыш емес, ол үйіңізге және қылшықты жануарларға күтім жасап, сізге көбірек бос уақыт сыйлайды. Нағыз рахат сыйлайтын тазалық әлеміне қош келдіңіз.

Үй жануарларынан түскен қылшықтар, микроорганизмдер мен шаңды уақтылы сорып отыру тазалық пен гигиенаны сақтауға көмектеседі, сонымен қатар кеңістіктің бұрыш-бұрыштарында да шаң жиналмайды. Тұрақты тазалау арқылы уақытты үнемдейсіз және қатты ластанудың алдын алады.

Сонымен қатар, барлық THOMAS шаңсорғышы Британиялық Аллергия Қоры (BAF) және Неміс Дерматологтар мен Аллергологтар Ассоциациясымен сертификатталған, сондықтан аллергиясы бар жандарға пайдалануға ұсынылады.

Осы шаңсорғышқа ие болу арқылы сіз бірінші рет пайдаланғаннан кейін-ақ өмір сапасының жақсарғанын байқайсыз. Aqua box-ы бар THOMAS PET & FAMILY-дің сору қуаты –  325 вольт, ол шаң, шаш, қылшықтан барынша құтылуға кепілдік береді.

Сондай-ақ, дымқыл және құрғақ тазалық жасауға жарамды, бұл сіздің үйіңіздің еденін балғын және таза ұстайды. Бар болғаны бір литр суды пайдаланып, сіз 99,99% шаң мен 100% тозаңды сүзуге болады. Aqua box-ы бар THOMAS PET & FAMILY жууға арналған шаңсорғышта толық тазалыққа арналған HEPA-сүзгісі де бар, ол ауадағы ең кішкентай тозаңды сорып, ол ауаның тазалығы мен денсаулығыңызды сақтайды.

Максималды жайлылық – кез келген сапалы тазалық жұмысының басымдығы. Бұл шаңсорғыштың басқа да маңызды артықшылығы қатарына оның ыңғайлы маневрлігі, қозғалысының жеңілдігі және қарапайым басқарылуы жатады. Арнайы Easy Drive дөңгелектерінің арқасында шаң сорғышты бөлмеден бөлмеге жылжыту оңай және ыңғайлы. Құрылғыны қосу және өшіру, сондай-ақ сору қуатын реттеуші шаңсорғыштың тұтқасына орнатылған, осылайша басқару оңай. Оған сізге қосымша күш салудың қажеті жоқ.

Aqua box-ы бар THOMAS PET & FAMILY шаңсорғышы – үй тазалығын бағалайтын әрбір адам үшін таптырмас көмекші. Ол сіздің үй жануарыңызға деген сүйіспеншілікпен жасалған және сіздің ең сенімді көмекшіңізге айналады. Үйіңіз сізге қаншалықты қамқор болса, үйіңізді де сондай күтіп ұстаңыз!

*Мақаланы мұқият оқып инстаграм парақшамыздағы байқауға қатыс! Бәлкім айтулы керемет шаңсорғышты дәл сіз ұтып аларсыз?!