Денсаулық

Ыңғайлылық және тиімділіктің керемет үйлесімі: Thomas Pet And Family шаңсорғышымен таза үй

Күйзеліске толы әлемде үй жануары бар шаңырақтан күнделікті қуаныш, тыныштық пен жайлылық сезіледі. Бірақ үй жануарларын асырауда сөзсіз бір маңызды міндет туындайды, ол – үйді мұқият тазалау. Дәл осы сәтте сізге үйді күтіп ұстауда таптырмас көмекші – Aqua box-ы бар бірегей THOMAS PET & FAMILY шаңсорғышы қажет болады. Бұл – инновациялық қуат, жоғары тиімділік және үйіңіздің тазалығын сақтауда пайдалы гаджет.

Үй жануарлары бар отбасылардың қажеттіліктерін толық жаба алатын бұл шаңсорғыш мінсіз тазалыққа қол жеткізуде біздің тұтынушыларымыздың шынайы көмекшісі болып үлгерді. Бір сәтке әр бұрышы балғындыққа толы, ал ауасынан жеңілдік сезілген үйді елестетіңіз. Aqua box-ы бар THOMAS PET & FAMILY жай шаңсорғыш емес, ол үйіңізге және қылшықты жануарларға күтім жасап, сізге көбірек бос уақыт сыйлайды. Нағыз рахат сыйлайтын тазалық әлеміне қош келдіңіз.

Үй жануарларынан түскен қылшықтар, микроорганизмдер мен шаңды уақтылы сорып отыру тазалық пен гигиенаны сақтауға көмектеседі, сонымен қатар кеңістіктің бұрыш-бұрыштарында да шаң жиналмайды. Тұрақты тазалау арқылы уақытты үнемдейсіз және қатты ластанудың алдын алады.

Сонымен қатар, барлық THOMAS шаңсорғышы Британиялық Аллергия Қоры (BAF) және Неміс Дерматологтар мен Аллергологтар Ассоциациясымен сертификатталған, сондықтан аллергиясы бар жандарға пайдалануға ұсынылады.

Осы шаңсорғышқа ие болу арқылы сіз бірінші рет пайдаланғаннан кейін-ақ өмір сапасының жақсарғанын байқайсыз. Aqua box-ы бар THOMAS PET & FAMILY-дің сору қуаты –  325 вольт, ол шаң, шаш, қылшықтан барынша құтылуға кепілдік береді. Сондай-ақ, дымқыл және құрғақ тазалық жасауға жарамды, бұл сіздің үйіңіздің еденін балғын және таза ұстайды. Бар болғаны бір литр суды пайдаланып, сіз 99,99% шаң мен 100% тозаңды сүзуге болады. Aqua box-ы бар THOMAS PET & FAMILY жууға арналған шаңсорғышта толық тазалыққа арналған HEPA-сүзгісі де бар, ол ауадағы ең кішкентай тозаңды сорып, ол ауаның тазалығы мен денсаулығыңызды сақтайды.

Максималды жайлылық – кез келген сапалы тазалық жұмысының басымдығы. Бұл шаңсорғыштың басқа да маңызды артықшылығы қатарына оның ыңғайлы маневрлігі, қозғалысының жеңілдігі және қарапайым басқарылуы жатады. Арнайы Easy Drive дөңгелектерінің арқасында шаң сорғышты бөлмеден бөлмеге жылжыту оңай және ыңғайлы. Құрылғыны қосу және өшіру, сондай-ақ сору қуатын реттеуші шаңсорғыштың тұтқасына орнатылған, осылайша басқару оңай. Оған сізге қосымша күш салудың қажеті жоқ.

Aqua box-ы бар THOMAS PET & FAMILY шаңсорғышы – үй тазалығын бағалайтын әрбір адам үшін таптырмас көмекші. Ол сіздің үй жануарыңызға деген сүйіспеншілікпен жасалған және сіздің ең сенімді көмекшіңізге айналады. Үйіңіз сізге қаншалықты қамқор болса, үйіңізді де сондай күтіп ұстаңыз!

Ұтысқа қатысып, шаңсорғыш ұтып алыңыз!

Сұрақтар: 

  1. Aqua box-ы бар THOMAS PET & FAMILY шаңсорғышы қандай тазалық жұмысына арналған?
  2. Aqua box-ы бар THOMAS PET & FAMILY шаңсорғышында қандай сүзгі қолданылады?
  3. THOMAS шаңсорғыштары әсіресе кімдерге ұсынылады?

♥  Ұтысқа қатысу шарттары “Сырласу” журналының инстаграм парақшасында көрсетілген. Бар-жоғы 3 сұраққа жауап беріп, шаңсорғыш ұтып алыңыз