Құрамы:
- тауықтың төс еті
- 200 г. қамыр
- 80 г. Цезарь тұздығы
- 100 г. моцарелла ірімшігі
- 1 бас қызанақ
- 15 г. пармезан ірімшігі
- 40 г. салат жапырақтары
Цезарь тұздығын дайындау әдісі: Соус немесе тұздық дайындау өте қарапайым. Ол үшін майонезге сары май мен қара бұрышты қосып араластырамыз. Осылайша алдын ала тұздық дайындап аламыз.
Дайындалу әдісі:
1. Алдымен пиццаға арналған қамыр илейміз. Қамырдың өзге ашытқылы қамырлардан еш айырмашылығы жоқ – тек тұз бен суға иленеді.
Енді пицца үстіне қойылатын ингредиенттерді турап алайық. Тауық еті, салат жапырақтары мен қызанақты тілімдеп тураңыз.
2. Жұқалап жайылған қамыр үстіне жоғарыда дайындап алған Цезарь тұздығын тегістеп жағамыз. Оның үстіне моцарелла ірімшігін қалың қабатпен сеуіп шығамыз. Дәмді де жұмсақ нағыз итальян пиццасын әзірлегіңіз келсе, моцарелланы өзге ірімшікпен алмастырмағаныңыз жөн.
3. Тұздығы жағылып, ірімшігі себілген пиццаның үстіне енді қалған ингредиенттерді орналастыру қалды. Алдымен тауық етін күн сәулесіне ұқсас ретпен орналастырамыз. Енді дөңгелектеп, жұқалап туралған қызынағымызды да тауық еті іспеттес қойып шығайық. Негізгі шаруа аяқталды. Дайын негізді пешке қойып пісіріп алған жөн. Пешіңіз қызып тұрса 350 С ыстық пешке 7-10 минутқа пиццамызды саламыз.
4. Пеште пиццамыз піскенше, салат жапырақтарын қалған Цезарь тұздығымен араластырамыз. Әп-сәтте пиццамыз да пісіп қалды. Ыстық пиццаны пештен шығара салып, қақ ортасына салат жапырақтарын орналастырамыз да, бетіне пармезан ірімшігін себеміз.
P/S: Дайын күлшені отбасы мүшелерінің санына сәйкес етіп турап, дастарқанға қоямыз. Астарыңыз дәмді болсын!