Жеті жасар британдық Оскар Ригли әлемдегі ең ақылды бала болып табылады. Өйткені екі жарым жасында Оскардың IQ көрсеткіші қартаң тартқан Альберт Эйнштейннің интеллектісінің коэфициентіне жеткен. 2,5 жарым жаста – IQ көрсеткіші 160!
Айтулы ақпарат анықтала салысымен баланы Оксфордтық “Менс” клубы қабылдаған. “Менс” клубына әлемдегі IQ көрсеткіші 130-дан асатын адамдар қабылданады. Қазіргі таңда жас оқымысты жоғарғы сынып бағдарламасын оқып жатыр. Сонымен қатар 6 бірдей тіл меңгеріп, университеттің биология кітаптарымен тәлім алуда.