News

Launch Party De Luxe кеші: Ерекше сусын еркіндікке жол ашады

Hard Rock Cafe Almaty-да Launch Party De Luxe кеші өтті. Кештің басты оқиғасы – жаңа De Luxe өнімінің тұсау кесері болды.

 

Кеш қонақтары кіре берісте тұрған Harley-Davidson темір тұлпарымен суретке түсіп, «#DeLuxe» хештегін белгілеп, инстаграм желісіне салған. Осылайша бағалы сыйлықтар ойынына қатысу мүмкіндігін алды.

Бармендер кеш қонақтарын дәмді коктейлдермен қуантып, керемет көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, сахна төрінде Drum Show, Light және Barmen Show өнер көрсетті. Ал қазақстандық live-band-тың көңіл көтерерлік туындылары би алаңын одан әрі көркейте алды.

Күздің басты рок-кешінде Жамиля Серкебаева, Диана Снегина, Ерден Телемисов, Асель Зои, «Үркер» тобы және т.б. жұлдыздар қонақта болды.

Брендтің өзгерген, жаңа сырт келбеті – оның имиджін одан әрі көркейте алды.