News

LOBODA GRAMMY үшін өнер көрсетті

16 тамызда американдық музыкалық GRAMMY сыйлығының ресми сайтында украиналық әнші LOBODA-ның (халықаралық Global Spin жобасы аясында) өнер көрсетуі жарияланды.

Светлана Лобода өз хиті “Mentor”-ды ағылшын және украин тілдерінде жанды дауыста орындап, Украинаны GRAMMY-дің Ұлттық өнер және дыбыс жазу академиясы құрған және әлемдік музыкалық қауымдастықты біріктіруді мақсат еткен GLOBAL SPIN жобасы аясында таныстырды. Лобода бұл жобада Шығыс Еуропадан қатысқан алғашқы әнші болды.

“Бұл жаңалық мен үшін үлкен құрмет пен жауапкершілік. Шақыруды қуана қабылдадым және өз елімді осындай ауқымды әлемдік платформада таныту мүмкіндігімен мақтанамын”, – деп түсініктеме берді LOBODA.

Американдық GRAMMY музыкалық сыйлығы әлемнің әртүрлі бұрыштарынан ерекше дыбыстық стилі бар ең жарқын орындаушыларды таныстыру мақсатында 4 жыл бұрын Global Spin арнайы жобасын ұсынды. Жобаның ережелеріне сәйкес, орындаушылар тек жанды дауыста ән айтады, ал олардың өнер көрсетуі GRAMMY-дің ресми сайтында және YouTube арнасында, сондай-ақ музыкалық сыйлықтың барлық әлеуметтік платформаларында жарияланады.