Естеріңізге сала кетейік, күні кеше ғана бағдарламаның екінші жүргізушісі Эльвира Ерғалина өзінің парақшасына «Аздап сұрақ па, түсініксіз күй бар. Жоба басшыларының кетуімнің себебін еш түсіндірмеуі және өздерінің маған еш хабарласпағаны. Демек, тікелей сөйлесуге кідіртіп тұрған бірдеңе бар шығар…» деген бәлки ренішті, бәлки түсініксіз пост жариялаған болатын. Оның артынша бағдарлама продюссері Асхат Садырбай өзінің парақшасында Аша Матайдың Эльвира Ерғалинаның орнында отырған суретін де жариялап үлгерді. Бұл хайп па? Әлде, продюсер мырзаның Ерғалинаға деген жауабы ма? Айтулы сауалдардың жауабын бағдарлама тізгінінде жүрген азаматтардың құзырына қалдырдық.
Ал, Аша Матай енді шынымен “Түңгі студияны” жүргізбек пе? Сонда оның атышулы “Қалаулым” бағдарламасынан кеткені ма? Десе де, көкейде “Ұлттық арнаның деңгейі “Қалаулымның” деңгейіне жетпесе екен” деген тілек қана бар.