News

Мерекеге толы желтоқсан!

Сапалы, хош иісті шарап кез келген мерекені жандандырып, кешкі асыңызға керемет қосымша бола алады.

Дүкен сөрелері түрлі бөтелкелерге толып жатқанына қарамастан, сапалы сусынды таңдау әркез қиынға соғуы мүмкін. Осы орайда біз жақсы шарап таңдаудағы қарапайым кеңестерді ұсындық.

Жақсы сусынды қалай таңдаймыз?

Адамдар дүкенге кіргенде бәрінен бұрын бағаға назар аударады. Әдетте бағасы қымбат сусын – ең сапалысы болып есептеледі. Бұл расымен де солай. Арнайы шарап сатуға негізделген дүкендерде ұсынылатын сусындар дұрыс сақталған және оларды 5-10 жыл ішуге болады.

Шарап түріне қарай қызыл және ақ болып бөлінеді

Әдетте шараптың қызыл түстісі етпен, ал ақ түсі балықпен  ұтымды үйлеседі. Сондай-ақ, құрғақ сусынды тіскебасар мен ыстық тағамдармен ішкен дұрыс. Ал тәтті түрін түрлі десерттермен ішу қажет.

Егер сіз түрлі тағамдар түрін ұсынатын мерекелік шараға сусын таңдағыңыз келсе, ақ және қызыл шарапқа ден қойғаныңыз абзал.  Сондай-ақ, құрғақ немесе тәтті шарапты таңдаңыз.

Жартылай тәтті және жартылай құрғақ сусындар көбінесе жүзімнің ең арзан түрлерінен әзірленеді. Құрғақ сортты сусынға қант қосылмайды. Сондықтан олар баяу ашиды, ал тәтті сорттарда қант табиғи консервант болып есептеледі.

Бокалға дәмі тіл үйіретін сусыннан құйып, мерекеге толы желтоқсан айын ұмытылмастай етіп өткізіңіз!

Салтанатқа толы кештерде Villa Cardini дәмінен ләззат алыңыз!