Дәрі-дәрмектің жарамдылық мерзімі белгіленген уақытына дейін сол қалпы сақталуы үшін қолайлы орынды таңдап алу қажет.
Ол үшін бірнеше факторларды ескеру керек:
- Жарық. Көптеген дәрілік препараттар күн сәулесінің әсерінен бұзылып жатады.
- Температура. Дәрі-дәрмектерді мұздатуға, суық жерде сақтауға болмайды. Әдетте препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулықта дәріні қанша градуста сақтау керек екені көрсетіледі. Бұл көбінесе 15- 25 °C-ты құрайды.
- Ылғал. Бұл қатты пішінді дәрілер үшін маңызды. Егер нұсқаулықта препаратты құрғақ жерде сақтау керек болса, онда ылғалдылық 60%-дан аспауы қажет. Егер үйде бала бар болса, дәрілерді олардың қолы жетпейтін жерге қойыңыз.
Дәрі-дәрмектерді металл немесе пластикалық контейнерде сақтаған қолайлы. Сондай-ақ, арнайы қораптар мен сөмкелерді пайдалана аласыз.Дәрілік препараттарды сақтау кезінде нені ескеру керек?
- Дәрі-дәрмектерді сақтау кезінде оларға қатысты нұсқауларды сақтау қажет. Бұл осы препарат туралы барлық ақпаратты көрсететін ресми құжат.
- Ораманы (пакеттер, блистер, ампулалар)бастапқы күйіндегідей бұзбай, сақтаған жөн.
- Жарамдылық мерзімі өткен дәрі-дәрмектер мен биологиялық белсенді қоспаларды қолдануға болмайды.
- Кейбір препараттар ерекше сақтауды қажет етуі мүмкін. Мәселен, өзге дәрі-дәрмектер тұрған жерде ондай дәрілерді сақтауға тыйым салынуы ықтимал.
Тіпті дұрыс жағдайда сақталған дәрілерді жиі тексеріп тұру қажет. Себебі олардың арасында мерзімі өтіп кеткендері де анықталуы мүмкін. Сондай-ақ, кейбір сұйық дәрілер бұлыңғырланып, түсін өзгертуі де ықтимал. Дәрілердің басым көпшілігі ерекше сақтауды қажет етпейді. Алайда, олардың қасиеттерін жоғалтпау үшін препараттарды нұсқаулықта көрсетілген ережелерге сәйкес сақтау керек.