Өмірге дені сау сәби әкеліп, ұрпақ жалғастыру кез келген әйелдің арманы. Десе де бүгінгі таңда нәзікжандылар арасында жиі кездесетін жыныс аурулары сау ұрпақтың дүниеге келуіне кері әсер етіп, әйелдің ана атануын тежеп отырған жайы бар. Жыныс аурулары деген не, ол нендей белгілерден бастау алады? Осы және өзге де оқырмандарымызды мазалаған сауалдарға гинеколог маман Фариза Болатқызынан жауап алған едік.
Дәрігердің қабылдауынан кейін өзімде кандидоз жұқпалы ауруы бар екенін білдім. Гигиена талаптарын қатаң сақтаймын. Неліктен бұлай болғанын түсіне алар емеспін.
Вагинальді кандидоз – қынаптың шырышты қабатының Candida тұқымдас саңырауқұлақтармен инфекциялық зақымдалуы. Candida тұқымдас саңырауқұлақтары, жалпы кез келген сау адамның ағзасының шырышты қабатында аз мөлшерде кездесуі мүмкін. Шырышты кабат микрофлорасының өзгеруіне байланысты микроорганизмдердің көбеюіне қолайлы орта пайда болады. Оған әсер ететін факторлар:
- Антибиотиктер қабылдау
- Күйзеліс
- Жұқпалы аурулар
- Жыныстық қатынас арқылы берілетін созылмалы аурулар (трихомониаз, хламидиоз)
- Гормоналдық өзгерістер (жүктілік, менопауза)
- Эндокриндік аурулар, дұрыс тамақтанбау да жатады.
Тіпті кандидоз гигиенаның шектен тыс сақталуынан да пайда болатын кездер болады.
Кез келген ауруды емдеуден гөрі алдын алу оңайырақ. Candida тұқымдасының шартты-патогендік микроорганизмдерінің болуы ағзаға аса зиян тигізбейді. Иммунитет тапшылығы жоқ адамдар, тіпті қоздырғышпен үнемі байланыста болса да, кандидозға шалдықпайды, өйткені иммундық жүйе инфекцияны жақсы жеңеді. Демек, негізгі алдын алу – ағзаның қорғаныс қабілетін белсенді күйде ұстаудан басталады. Ол үшін сізге дұрыс тамақтанып, спортпен шұғылданып, профилактикалық тексеруден өту қажет.
Бактериялық вагиноз кезінде бала көтеру қаншалықты мүмкін?
Бактериялық вагиноз кезінде қынаптың микрофлорасы бұзылады, атап айтқанда пайдалы сүт қышқылы бактерияларының саны азаяды. Бұл жағдай – патогендік микробтардың, яғни гарднерелла мен анаэробтардың көбеюіне қолайлы жағдай туғызады.
Бұл құбылысты эндокриндік жүйе мәселелері, созылмалы күйзеліс, репродуктивті жүйедегі қабыну процесі, жоғары жыныстық белсенділік, зиянды тамақтану және зиянды әдеттер секілді көптеген факторлар тудыруы мүмкін.
Әрине, ауруды дер кезінде емдегенде бала көтеру мүмкіндігі жоғарылайды. Алайда бактериялық вагиноз ұрықтану процесін баяулатып, оның дамып-жетілуіне кері әсерін тигізуі мүмкін.
Ғалымдардың зерттеуі бойынша, бактериялық вагиноз ерте түсік тастауды 6%-ға және мерзімінен бұрын босану қаупін 2%-ға арттырады. Сондықтан жүктілікті жоспарламас бұрын дәрігерлік тексерістен өткеніңіз жөн.
Қазіргі уақытта бактериялық вагинозды емдей алатын препараттар саны көп. Солардың бірі – «Тержинанды» ерекше атап өтуге болады.
Әйелдерге гинекологиялық араласуға дайындық қажет пе?
Міндетті түрде қажет. Тіпті салыстырмалы түрде таза гинекологиялық операциядан кейін де инфекциялық асқынулардың қаупі жоғары. Гинекологиялық араласудан кейінгі жараның беті – инфекция көзі болып табылады, инфекция жатыр қуысына еніп, субклиникалық қабынуды қалыптастырады, содан кейін эндометрия қызметі бұзылады.
Микробиоценоздың дисбиотикалық жағдайларының жоғары жиілігін ескере отырып, қабыну асқынуларының алдын алған жөн:
- кішігірім гинекологиялық операциялар, жатыр мойнындағы операциялар алдында
- түсік жасатуға және босануға дейін
- жатырішілік құралдар орнатуға дейін және одан кейін
- жатыр мойны диатермокоагуляциясына дейін және одан кейін
- гистерография алдында
Осы мақсаттар үшін Тержинанды 6 күн ішінде қолданған жөн. Тержинан – етеккір кезінде қолдануға рұқсат етілген дәрі-дәрмектің бірі. Ал көптеген гинекологиялық араласулар менструациядан кейін бірден жасалады.
Етеккір кезінде Тержинан қынап таблеткасын қолдануға бола ма?
Тержинан препаратының басты артықшылығы – оны қынапта қабыну процестері бар әйелдерге етеккір кезінде де қолдана беруге болады. Алайда бұл кезеңде қынап таблеткасын қынапқа ерекше гигиеналық ережені сақтай отырып енгізу керек. Себебі осы кезде әйелдің жатыр мойны ашық тұрады. Әуелі қолды жақсылап жуып, препаратты сулап, шалқалай жатқан күйде енгізіңіз. Осыдай кейін 10-15 минут орныңыздан тұрмай жатқаныңыз абзал.