Егер балаңыз тұйық және секемшіл болса, онда оған сіздің тым ашуланшақтығыңыз, күйгелектігіңіз әсер еткен.
Егер жасқаншақ және өздігінен шешім қабылдай алмаса, оны тым өбектеп жібергенсіз. Өзінің қолынан келетін дүниеге де көмектесуге тырысасыз.
Ойыншықтың түр-түрін алып берсеңіз де, сәбиіңіз өзгенің затына жармасатынын байқап жүрсіз бе? Демек сіз сатып алу кезінде балаға таңдау жасауға мүмкіндік бермейсіз.
Егер перзентіңіз жиі қызғанып, өзгені күндей берсе, сіз оны басқа балалармен көп салыстырасыз.
Егер бала дөрекілік танытса, демек отбасында біреу дәл сол қылықты көрсеткен.
Егер сәби ызақор және шағымданғыш болса, оған сіздің назар аударғаныңыз жетіспейді.
Егер ұлыңыз не қызыңыз өтірік айтса, сіз оның өткендегі әрекетіне тым қатты ашуланып ұрысқансыз.
Егер балаңыз қиын жағдайда не істерін білмей сасқалақтап қалса, сіз оны жұрттың көзінше сөккенсіз. Ондай әрекетті тіпті туған аға-әпкелерінің алдында да істемеңіз.
Егер бауыр етіңіз айналасындағыларды сыйламаса, сіз оның қалауына қарамастан, не істеу керектігін бұйырған болуыңыз мүмкін.