ҚҰРАМЫ:
маргарин – 150 гр, какао ұнтағы – 6 ас қ., қант – 1 стақан, сүт – 1 стақан, ұн – 1.5 стақан, жұмыртқа – 3 д,қопсытқыш – 1 шәй қасық
КРЕМІ:
Майлылығы 30% кілегей – 6 ас қ., Какао – 4 ас қ., Қант – 5 ас қ., Сары май – 50 гр, Ұн – 1 ас қ.
Дайындау әдісі
1 Ең әуелі маргарин, какао, қант пен сүтті бір ыдыста араластырып, баяу отқа қоямыз. Суығаннан кейін үстіне ұн мен қопсытқышты және 3 дана жұмыртқаны қосу қажет. Барлық ингредиенттерді жақсылап араластырамыз.
2 Осыдан кейін пайда болған қамырды кекстерге арналған арнайы ыдысқа жартылай (көтерілетінін ескере отырып) құю керек. Алдын ала 200 градуста қызып тұрған пеште 15 минут пісіреміз.
3 Ал енді кекстің креміне кірісейік. Алдымен қаймақ, какао мен ұнды және сары майды араластырып, кәстрөлде қайнап тұрған судың буына қайнатып аламыз.
4 Крем мен кексіміз суығаннан кейін кремді кекстің үстіне жағамыз. Ол үшін арнайы кондитерлік қапты қолдануға болады. Кексті қалауымызға қарай жидектермен әсемдейміз. Қамыры да, кремі де шоколадды тәттіміз дайын.