Диета кезінде жүрек жалғап алу бәрімізге керемет көңіл-күй сыйлайтыны анық. Дегенмен, сіз бен біз тамақты шектеп жеуді қолдай қоймағандықтан, салауатты тағамды, яғни теңгерімді тамақтануды таңдаймыз. Мұндай жүйеде тіскебасарлардың алар орны қандай? Бұл туралы бізге Herbalife Nutrition компаниясының тамақтану сарапшысы Алмагүл Ержекенова баяндап береді.
Жүрек жалғау – бұл әркімнің өз қалауы
«Жүрек жалғап алу барлығына қажет» деген дәлелдеу – түбінде дұрыс емес! Ең әуелі, өз қалауыңызды ескеріңіз. Егер үш мезгіл тамақтанып, өзіңізді жақсы сезініп, аштық сезінбесеңіз, онда жүрек жалғаудың сізге қажеті жоқ. Алайда, түстеніп алған соң 2 сағаттан кейін ірімшік қосылған бутерброд туралы ой мазаңызды алса, онда жүрек жалғап алыңыз – бұл пайдалы.
Артық салмақтан арылуға бағытталған тамақтану бағдарламасының негізгі мақсаты – ашығуды бақылауда ұстау. Бұл жабайы аңдар сияқты бәріне бірдей, соның ішінде пайдасыз емес астарға жабыспай, тұтынатын негізгі асымызды таңдау кезінде салауатты ойлауға мүмкіндік беретін тәбетті реттеу құралы.
Теңгерімді тамақтануда тіскебасар тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі. Ол белгілі бір себептермен таңғы, түсті және кешкі ас кезінде тұтына алмай қалған ақуыз, тағамдық талшықтар мен басқа қоректік заттардың қосымша көзі болуы мүмкін.

Жүрек жалғау мөлшерден аспасын!
Жылдам тұтынатын тағам мен негізгі астың басты ерекшелігі – калорияның мөлшерінде. Тіскебасар 200 ккалдан аспауы керек – басқа жағдайда, бұл толыққанды асқа айналып кетеді. Сондықтан, «жедел жәрдем» ретінде қандай тағам пайдаланатыныңыз маңызды. Кофеханаларда түрлі ингредиенттер қосып, арнайы дайындалатын кофе түрлері болады. Олар 200 ккалл-дық кедергіні оп-оңай асып түседі және толыққанды түскі астың орнын толтырады. Бұл енді жүрек жалғап алу емес, теңгерімсіз, тым тәтті, бұрыс тағам қабылдауға жатады. Денсаулық үшін пайдалы тіскебасар туралы кейінірек айтамыз.

Жүрек жалғап алу – алдамшы іс
Кейде шөл де аштық сезімін тудырады. Беймезгіл уақытта тоңазытқышқа қарай тартып тұрса, онда бір стақан таза су ішіңіз. 15 минуттан кейін жайсыздық жойылуы тиіс. Егер қарныңыздың ашқаны басылмаса, онда жүрек жалғап алыңыз.

Жүрек жалғау – қауіпсі іс
Шап беріп ұмтылатын және «жарақат» алуыңыз әбден мүмкін, суастында екі үлкен тас бар. Біріншісі, әріптестер арасында бір-екі печеньемен шай іше салудың соңы шағын отырысқа айналып кететіні бар. Біреу торт алып келсе, екіншісі шұжығын кесіп дайындайды, тағы бірі түскі астан қалған бәлішін ортаға қояды. Бәрі бір-біріне дәм татқызып жатады. Бұл дұрыс емес! Екіншіден, тіскебасарыңыз ешқашан таусылмаса – сіз әрдайым бірнәрсе жеп жүресіз де, осыған үйреніп аласыз. Тіпті, компьютер алдында отырып қытырлақ нанның үш қорабын қалай жеп қойғаныңызды байқамай қаласыз. «Несі бар, пайдалы ғой!»,-деп ойларсыз. Иә, бірақ осынша көп мөлшерді бір уақытта жеу пайдалы емес! Немесе сіз сүйікті сериалыңызды жаңғақ, поп-корн, печенье немесе чипссіз көре алмайсыз. «Осылай көрсем қызығырақ!» -дейтін боларсыз. Мүмкін, бірақ бұл әдетіңізден арылуға тиіссіз.

Жүрек жалғау – жақсы іс
Сонымен, барлық ережені сақтау үшін не нәрсемен жүрек жалғап алу керек. «Жедел қуаттау», кез келген басқа тағам сияқты, тағамның пайдалы заттарының қорын толтыруы тиіс: ақуыздар, майлар, көмірсулар және дәрумендер. Бірақ, жүрек жалғауды жүз пайыз теңгерімді тағамға айналдырмаңыз – қарапайым өнімдерден калорияның мөлшерін (200 көп емес) сақтаған күнде де бұл мүмкін емес. Бұл жерде сізге сапасы мен пайдалылығы ғылыми дәлелденген арнайы функционалды өнімдер қажет. Мінсіз тіскебасар – Herbalife Nutrition ұсынған протеинді өнімдер. Классикалық үлгісі – шоколад дәмімен Формула 1 Экспресс батончигі. Бұл жинақы, жеңіл, ыңғайлы пішінде дайындалған батончик – кез келген әйелдің сөмкесіне оңай сыйып кетеді. Сонымен қатар кәсіби және/немесе әуесқой спортпен белсенді түрде айналысатын адамдар үшін керемет тіскебасар – Формула 1 Спорт протеинді коктейлі бар. Олардың барлығы құрамындағы микроэлементтер мен дәрумендер бойынша теңгерімді. Бірақ, негізгісі, бұл сапасы ! Әлем бойынша сертификатталған сегіз зертхана өнімді он төрт кезеңдік бақылаудан өткізіп, тексереді:цептураны әзірлеуден тауарды буып-түюге дейін. Кез келген өнімнің әрбір ингредиенті дәлелденген ғылыми фактілерге негізделеді және тұрақты қайта тексеріледі. Herbalife Nutrition компаниясының спорттық функционалдық тағамы NSF халықаралық мекемесімен сертификатталған. Мұнда компоненттердің тазалығынан допингтің болуына дейін барлығы бақыланады.
Сонымен қатар, тіскебасарларды қарапайым әрі пайдалы өнімдерден де дайындауға болады. Бұл көкөністер, жеміс-жидектер, табиғи йогурт және өзге де қышқыл сүт өнімдері, жаңғақтар, жұмыртқа, авакадо қытырлақ нан және тағы да басқасы. Тіскебасар ретінде тәттілермен шәй мен кофе ішуге болады, бірақ өте аз мөлшерде тұтынған абзал.
