Cән мен сұлулықNews

“Мисс Астана-2023” сұлулық байқауының қатысушылары белгілі болды

“Мисс Астана-2023” ұлттық сұлулық байқауының биылғы қатысулары белгілі болды. Финалға 17 ару қатысып, елорданың хас сұлулы атағы үшін сайыспақ. 

Айта кетейік, “Мисс Астана-2023” сұлулық байқауы биыл 12 қазанға белгіленіпті. Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда 17 ару бақ сынасып, “Мисс Қазақстан-2023” ұлттық сұлулық байқауына жолдама үшін күреспек. Бұл туралы финал қарсаңында өткізілген баспасөз мәслихатында белгілі болды. Шарада байқаудың 17 финалисінің таныстырылымы мен баспасөз мәслихатына құрметті қонақ ретінде елордалық БАҚ өкілдері, танымал тұлғалар мен блогерлер, медиа-ықпал етушілер шақырылып, байқауға қатысты соңғы жаңалықтарды әңгіме арқауына айналды.

Байқауда өнер көрсететін 17 арумен танысып өтсек:

  1. Алима Талғатова
  2. Раим Шинабекова
  3. Карима Брімжанова
  4. Наталья Павлишина
  5. Камила Көптілеу
  6. Бинур Жамболатова
  7. Алина Байгужина
  8. Анна Зорина
  9. Диана Қанат
  10. Айым Нұрдәулет
  11. Дина Үсіпбек
  12. Виктория Ночевная
  13. Валерия Антонова
  14. Елигай Ернарқызы
  15. Амина Танабаева
  16. Дана Ермекқызы
  17. Аружан Ермұхамбетова

Финалға қатысатын арулар туралы толық ақпаратты сілтемеге өтіп таныса аласыздар.

Финалда қазылар алқасының құрамында «Қазақстан аруы» ұлттық сұлулық байқауының президенті Айдай Исаева, өткен маусымның жеңімпазы Томирис Кәкімова, блогер және тележүргізуші Жұлдыз Әбдікәрімова, әнші әрі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Светлана Айтбаева және Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының директоры Ерлан Дәкенов пен рекортшы Сергей Цырульников те бар екен.

Биыл сұлулық байқауына қатысу үшін ақпан айынан бері апта сайын кастинг өткізіліп, бүгінгі күнге дейін мыңнан астам бойжеткен іріктеліп алынған. Маусым айында «Қазақстан аруы» сұлулық байқауының ұйымдастыру комитеті «Астана аруы» финалының болжамды қатысушыларының тұсаукесерін ұйымдастырды, онда арулар өздері туралы жан-жақты ақпарат беріп, таланты мен шеберлігін, сонымен қатар дефиле көрсетті.  Бұл іс-шара біздің қоғамның шығармашылық пен әлеуметтік жауапкершілікке деген ұмтылысының маңызды қадамына айналды, олай дееуімізге себеп – байқау қатысушылары қонақтарға өздері ұзақ уақыт бойы айналысып жұрген маңызды қайырымдылық жобасын ұсынған болатын.

Сайыстың финалы жақындаған сайын арулар көптеген аралық айналымдарға қатысты.  Олар бүгінге дейін таланттар байқауына, аспаздық сайыстарға, қайырымдылық шараларына, сүйікті қаласына қамқорлық көрсетуге бағытталған сенбіліктерге және т.б. белсене ат салысты.

«Қазақстан аруы» ұйымдастыру комитеті көптен бері қайырымдылық жобаларын және белсенді қоғам құру туралы ұсыныстарды қолдап келеді. Бұл қиыншылыққа тап болған адамдарға олардың қиындығын жеңуге көмектесіп қана қоймай, жеке құндылықтарымыз бен сенімімізді жеткізуге және айналамыздағы адамдарды жақсылық жасауға ынталандыруға мүмкіндік береді.