1. Су ішу. Одридің жақындары оның үнемі су ішіп жүргенін айтады. Актриса үшін су – сұлулықтың басты сыры болған.
2. “Детокс” күні. Одри жұмыс бабымен бір мемлекеттен екінші мемлекетке жиі ұшып тұрғандықтан, өзін шаршаңқы әрі жайсыз сезінетін. Сондықтан, айына 1 рет детокс күнін жариялап, ағзасын тазарту мақсатында жеміс-жидектер жеп, йогурт ішкен деседі.
3. Нанды картоппен алмастыру. Одри Хепберннің ата-тегі Ирландиядан шыққан. Бәлкім содан болар, актриса расымен де нан мен майдың орнына ұдайы картопты қабылдаған. Картоп – актрисаның көптеген сүйікті тағамдарының құрамында болған.
4. Таза ауада серуендеу. “Сұлулығыңыздың сыры неде?” – бұл журналистердің Одриге ең көп қоятын сауалы болған. Актриса үшін таза ауада ұзақ серуендеу – өте маңызды болды. Себебі, осылайша ол дене бітімін қалыпта ұстап, денсаулығын нығайтып, ағзасын оттекпен қоректендірген.
5. Табиғи сұлулықты сақтау. Одридің күнделікті макияжы қара қарындаш пен кірпікке арналған сүрмеден тұрды. Ол шектен тыс косметиканың болғанын ұнатпайтын. Қабағын қара қарындашпен сызып, кірпігін ғана бояп қоятын. Бар болғаны осы.
6. Өмірді сүю. Актрисаның достары оның үнемі көңілді жүргенін айтады. Өмірге позитивті көзқараспен қарайтын. Кейде болмашы нәрсеге балаша қуанып кететін әдеті бар. Ауырып, төсек тартып жатса да, алдына мақсат қойып: “Мен жазылған соң міндетті түрде Австралияға баруымыз керек. Ол жер сондай керемет!”,- дейді екен.