Психолог Брендон Зиеч көптеген зерттеулерден кейін адамдар арасында ең жиі қойылатын “Жыныстық қатынас орта есеппен қанша уақыт созылуы керек?” деген сауалға жауап берді.
Брендон әртүрлі институттың ғалымдарын жинап, ғылыми топпен бірге 500 жұпты зерттей бастады. Зиеч оларға “Сіздің соңғы жыныстық қатынасыңыз қанша уақытқа созылды?” деген сауал қойды.
Өз кезегінде әйелдер мен ер адамдар әртүрлі жауап берді. Бірі соңғы жыныстық қатынастың небәрі 30 секундқа дейін, ал бірі бірнеше сағатқа созылғанын айтты.
Осылайша, психолог қос ғашықтардың сексуалдық өмірін бірнеше апта бойы зерттеуді жөн көрді. Ең алдымен жұптар күнделік арнап, ол жерге төрт апта бойы жыныстық қатынаспен қанша уақыт айналысқанын есептеп, жазып жүрді.