Қолыңызды тыйыңыз! Ойланып не зерігіп отырып, саусақтарыңызбен шашыңызды тарайсыз. Қиын тапсырмаға тап болсаңыз да басыңызды ұстайсыз. Қимылдарыңызға сақ болыңыз! Мұндай іс әрекет бас терісінде майдың тез бөлінуіне алып келеді.
Шашты күнде жумаңыз! Сіз күнделікті өмірде қолданатын сусабыныңыз бас терісіндегі және шашыңыздағы табиғи майлылықты қоса жуып тастайды. Ол қайта қалпына келуі үшін ағзаға біраз уақыт керек. Әрине, жұмыс барысында майлы шашпен жүру қолайсыз. Десе де бірте-бірте шашыңызды аптасына 2-3 рет жууға үйретіңіз.
Бальзам таңдағанда абай болыңыз! Бальзам пайдаланғаннан кейін шаш жылтырап, жұмсақ болады. Бірақ бальзамды өз шашыңыздың ерекшелігіне байланысты таңдаңыз. Өйтпеген жағдайда, шашыңыздың саулығын құртып аласыз. Қолдану ерекшелігіне де көңіл бөліңіз. Бальзамды шаштың ұшына ғана жақсаңыз жеткілікті.
Тарағыңыздың тазалығы қадағалаңыз! Әдетте тарақты үстел үстіне қоясыз, сөмкеңіздің ішіне саласыз. Күні бойына тараққа жабысқан кір мен шаң шашыңызға барады. Нәтижесінде лас тарақпен тарағаннан шаш жиі майланады. Тарағыңыздың да тазалығына көңіл аударыңыз.
Шашыңыз да демалсын! Егер құрғақ шампуньді көп қолдансаңыз, ерте ме, кеш пе тері бітеліп қалады. 3-4 айда бір пайдаланып, сау шашыңызды қалпына келтіріп алыңыз. Сусабыныңызды ауыстырып отырғанның да пайдасы көп.