Үй жағдайындағы тазарту: кестесі мен көлемі
Емдік ашығу және артық салмақ тастау үшін ашығу, іш құрылысты тазарту – мұның барлығы өмір сүру салтыңыздың бір бөлшегіне айналуы қажет. Емдік ашығудан тәжірибеңіз мол болса, ағзаны «тазалаудың» қажеттілігі сирек.
Клизма – ішек тазалаудағы кең қолданыстағы, қол жетімді де танымал әдістердің бірі. Ашығу алдында ішектерді клизма арқылы тазаласа жақсы болады. Егер ішек құрылысыңызды алғаш тазалап отырсаңыз, келесі кесте сіз үшін арналған:
1 күн – 0,5 литр су
2 күн – 1 литр су
4 күн – 1,5 литр су
7 күн – 2 литр су
Ал 3, 5, 6 күндері – демалу, қалыпқа келу кезеңі.
Кез-келген ішек тазарту курсын ішек микрофлорасын ретке келтіруге арналған дәрілік препаратпен аяқтау жөн.
Тыйым салынады!
Клизма арқылы ішек жолдарын мынадай жағдайда тазартуға болмайды:
Тазарту детокс – диетасы
Клизма әдісін қолданбағандарға детокс-диета көмекке келеді. Бұл диетаны жыл сайын қайталап тұруға рұқсат. Ол тек ішек жолдарын емес, жалпы бүкіл ағзаны тазартудан өткізеді.
1 күн. Сусын детоксы. Таңертең аш қарынға шөптердің қайнатылған тұнбасын ішу. Күні бойы – 6-7 стақан жаңа сығылған көкеністердің шырынын ішу.
2 және 3 күн. Шикілей жеу детоксы. Қалаған көлемде кез-келген қайнатылмаған, табиғи түріндегі көкеністерді тұзсыз және майсыз жеңіз. Міндетті түрде сәбіз бен қырыққабатты қолданған абзал. Сонымен қатар, ас мәзірін көк шөп, жаңғақ және кішігірім мөлшердегі шекілдеуікпен толықтыруға болады.
4 күн. Көкөніс детоксы. Кез-келген қайнатылған, буға пісірілген көкөністерді майсыз және тұзсыз қабылдау.
5-6 күн. Жеміс-жарма детоксы. Бұл күні жаңа сығылған жеміс сусындары мен суға қайнатылған жармалар, көкөніс сорпасы рұқсат етілген.
7 күн. Нағыз диета: майсыз қышқыл сүт өнімдері, ашытқысыз нан, омлет немесе қайнатылған жұмыртқа.
Диета ұстанған аптадан соң асқазанға ауырлық келтірмейтіндей тамақтану қажет. Майлы, қуырылған, қақталған, консервалық тағамдардан бас тартқан абзал.
Негізгі 3 амал
Барлық ішек жолдарын және жалпы ағзаны тазартуға арналған басты үш әдіс барын еске саламыз.
Тоқ ішекті тазалауға арналған арнайы аппарат. 45 минут ішінде емделушіге 10-30 литр су енгізіледі. Бұл процедураны тек арнайы оқытылған білікті мамандар ғана өткізе алады. Толық курстан өту 3-6 процедура. Гидроколонотерапиясына жіберілмейді: дивертикулез, ішек полипы, грыжа, жатыр миомасы, геморрой ауруларына шалдыққандар.
Тазалау жүргізудегі танымал органикалық препараттардың қосындысы – қалыпқа келтірілген көмір мен полиметилсилоксан полигидраты. Қабылдауға арналған кеңесті толық сақтап, мөлшерін асырмаңыз.
Бидай, соя және тағыда басқа дәнді-дақылды өнімдерді өсіріп немесе дүкеннің дұрыс тамақтану бөлімінен сатып алуға болады. Қолдану 50-80 граммнан күніне 1 рет 1 ай бойы қолданасыз.
Біздің кеңестермен жастық шақты ұзартыңыз!