Жан әлемі

Рамазан айында өзіңді жақсы сезінудің 7 құпиясы

Биылғы жылы Наурыз мерекесі мен Қасиетті Рамазан айының басталу күні сәйкес келіп тұр. Ораза аяқталғаннан кейін көктемнің келуін тойлау мақсатында достарымыз бен туыстарымызға қуана-қуана дастархан жаямыз, алайда ол күнге дейін біз қуатқа толы және деніміз сау болуы керек.

Дұрыс тамақтану – бұл ең алдымен пайдалы қоректік заттардың тепе-теңдігі болып табылады. Қоректік заттардың тепе-теңдігін біз екі үлкен топқа бөлеміз: макронутриенттер (ақуыздар, майлар және көмірсулар) және микроэлементтер – дәрумендер мен минералдар. Осылайша, қасиетті айда біз дұрыс рацион құрып, тамақтану ережелерін сақтауымыз керек.

Осы орайда Herbalife Nutrition тамақтану бойынша сарапшысы Алмагүл Ержекенова бірнеше ұсыныс берген еді:

 

1. Асыра тамақ жеудің зияндығы. Ораза кезінде ауызды аша салып көп мөлшерде ас ішу – ағза үшін үлкен күйзеліс болып табылады. Сондықтан артық жеуден аулақ болған жөн. Әр тамақтанғаннан кейін үзіліс жасай отырып, баяу әрі асықтай тамақтануға тырысыңыз.

 

2. «Бос» көмірсулардан қашыңыз және өңделген тағамдарды, еттерді, консервілерді, тәттілерді, ащы және тұзды тағамдарды тамақтану рационыңыздан шығарып тастаңыз. Бұл тағамдар жылдам қорытылады, қала берді ағзаға пайдалы қоректік заттар әкелмейді. Егер сіздің тағамыңыз тек жоғарыда аталғандардан тұрса, күндізгі уақытта аштық сезімін жиі сезінетін боласыз.

3. Шөлдің алдын алу. Тамақ әзірлеу кезінде дәмдеуіштерді көп қоспаңыз, себебі олардан кейін шөл қысуы мүмкін.

4. Ақуызге ден қою. Ағзаңыз үшін ақуыздың маңыздылығын ұмытпаңыз. Ол бұлшықеттер, сүйектер, ішкі ағзалар үшін құрылыс материалы және дұрыс ас қорытудың негізі болып табылады. Метаболизмге де белсенді қатысады: ақуыз жасушаларға маңызды қоректік заттарды жеткізеді және денені сыртқы патогендік факторлардан қорғайды.

5. Құрма немесе оның баламасы. Алғашқы асыңызды (ауыз ашар) құрмамен бастаңыз. Құрма — көмірсулардың, тағамдық талшықтардың, магний мен калийдің көзі болып табылады, ол ағзаға күні бойы қуат береді. Ал рационыңызды әртараптандыру үшін кейде жемістердің орнына денені барлық қажетті дәрумендер мен минералдармен қамтамасыз ететін заманауи функционалды тағамдарды тұтына аласыз. Мысалы: протеинді мини батондар немесе лимон дәмі бар протеинді батондар болуы мүмкін.

6. Сусын немесе оның баламасы. Ораза кезінде ауыз ашқаннан кейін және ауыз бекіту алдында сұйықтықты жеткілікті мөлшерде ішу аса маңызды. Сонымен қатар қанты көп газдалған сусын немесе кофе сияқты зиянды сусындардан бас тарту керек, өйткені олар шөлді тек арттырады. Оның орнына газсыз су, шөпті шайлар, қышқыл сүт өнімдері немесе көкөніс сусындарымен алмастырған дұрыс.

Мысалы, Herbalife Nutrition алоэ өсімдік сусыны ас қорыту жүйесінің табиғи жұмысын қолдайды және ас қорыту процесін ынталандырады.

7. Тоқтық сезімі. Күніне бір рет (түнде) тамақ ішіп, ауыз бекітер уақытты ескермеуге болмайды. Бұл метаболизмді әлсіретіп, аштық сезімін тудыруы мүмкін. Таңғы ас 8-12 сағат бойы тамақсыз жүруге мүмкіндік беретін тағамдарға негізделуі керек. Атап айтқанда: тұтас дәнді дақылдардан тұратын нан, бұршақ, жұмыртқа, майлы сүт өнімдері, жаңғақтар және кептірілген жемістер. Тамақ дайындау уақыты шектеулі болса, денсаулыққа пайдалы балама ретінде Herbalife Nutrition Формула 1 сияқты теңдестірілген протеиндік коктейлін тұтынуға болады. Әртүрлі хош иісі бар бұл функционалды сусынның құрамында барлық қажетті макро және микроэлементтер бар, оңай қорытылады және ұзақ уақыт бойы тоқ жүруге мүмкіндік береді.

Қасиетті Рамазан айында дұрыс тамақтану ережелері туралы толығырақ білу үшін мына сілтемеге өтіңіз: www.herbalifekazakhstan.com

Рамазан айы, ең алдымен, тазару мен кемелдену, мейірім мен ізгілік мезгілі, ал кейбір тамақтану ережелері рухты нығайтуға көмекші ғана екенін есте ұстаған жөн. Дұрыс теңдестірілген рацион таңнан кешке дейін жеуге және ішуге болмайды деген бұйрықты орындауға көмектеседі.

Ұқсас мақалалар: 

Рамазан айында ораза тұтатындарға арналған Herbalife Nutrition бірегей ақпараттық ресурсы