Ақшаны сақтағаннан оны тапқан оңайырақ. Ақша энергиясы табыс шақыруға, не оның жолын жабуға қабілетті. Байлық – ақылды адамның қолында құдіретті күшке ие болады. Ал, құлдыққа түссе – жойылады.
Ақша энергиясы және өркендеу тілі
Молшылық сезімі ең алдымен позитивті ойлаудан басталады. Ой – іс-әрекеттің бастауы. Дәл қазіргі өміріміз қалай ойлағанымызбен сипатталады. Әуелі – энергия, кейін – көрініс. Сыртқы келбет – ішіміздегі ойдың бейнесі. Ой тербелісі шынайы өмірді тудырады.
Біз ой мен сөз құдіретін аса бағалай бермейміз. Адамның не себепті олай өмір сүріп жатқанын білу үшін оның сөзін тыңдау жеткілікті.
Кедей адам әр сөзінде шектеулер қойып отырса, бай адам мүмкіндік деңгейінде сөйлейді.
Жақсы сөз – жарым ырыс.
Ең бірінші негативті ойлардан арылу керек. Бұл – бізді ақшаның жетіспеушілігіне алаңдатып, үнемі бірдеңе жетпей тұратындай сезіндіретін ойлар.
Молшылық сезімі – табысқа жетудің ең басты шарты. Бұл тегін емес. Өйткені ол «байлығы тасыған емес, қанағат қылған адам бақытты» деген даналық сөзді еске түсіреді.
Шектеуші мәні бар сөздерден барынша арылыңыз. «Егер», «болар еді», «керек» және қарсы мәндегі «бірақ» сөздерін сөз қорыңыздан мүлде алып тастаңыз! Мұның бәрі бізді шектейді және түйсіктегі бір нәрсені болдырмау сезімін арттырады.
Оның орнына «мен қалаймын», «мен таңдаймын» деген сөздерді көбірек айтыңыз. Әсіресе «таңдаймын» сөзі өміріңізді түбегейлі өзгертуі мүмкін. Сондықтан «Ақша формуласына» сәйкес мына афирмацияларды жиі қайталаңыз:
Мен жетістікті таңдаймын.
Мен өркендеуді таңдаймын.
Мен махаббатты таңдаймын.
«Жоқ» сөзінен арылыңыз
«Жоқ» деген жағымсыз сөзді айтпауға тырысыңыз. Санамыз оны жай қабылдай алмайды. Жақсы мағынада айтып тұрсақ та, ол «нашар» естиді. Біздің санамыз әзілді қабылдай алмайды, қалжыңдап немесе шын айтып тұрғанымызды ажырата бермейді. Сіз әзілдеп өзіңізді «ақымақ» десеңіз, сана оны шын деп қабылдайды. Ал, егер біреуді сынасаңыз, ол да өз есебіңізге жазылады. Бұл кінәлауға да қатысты. Кінәлау адамға жеңілдік әкелмейді, оған қоса энергияны босқа шығындайды.
Мұның бәрі өзіміз туралы түсінікке әсер етеді. Өз бойыңыздағы сенімділікті күшейтіп, өзін-өзі бағалауды арттыру үшін көбірек ұнайтын афирмацияны таңдап алыңыз да, оны жиі-жиі айта беріңіз:
Мен Құдайдың берген баласымын.
Мен Әлемнің сыйымын.
Мен тағдырыма сүйіктімін.
Негативке жол бермеңіз
Негативті сөздерден аулақ болыңыз. Әсіресе, оны тамақ және су бірден өзіне сіңіріп алып, біздің ағзамызға жібереді. Бұл тағамды дайындау кезіне де қатысты.
Мазасыз ойларлан арылыңыз. Әсіресе таң бозынан мазасыздансаңыз, ол күні бойғы энергияңызға әсер етеді. Ал, ұйқыға жатар алдында бойыңызда жақсы энергия қалыптастыру үшін: «Түнде менің денем босаңсып, тазарып, энергияға толады. Таңертең күш-қуатқа толы, сергек болып оянамын» деген сөздерді айтыңыз.
Жетістік формуласы
Бұл формула ақша шақырады және кез-келген іс-әрекетте табысқа жетуді жеделдетеді. Сондай-ақ, барлық жағымсыз себеп-салдарды жояды. Ол арқылы сіз миды тыныштандырып, уайымды азайтып, байлықты арттырып, әлемді кеңірек қабылдай аласыз. Бұл үшін үнемі мына афирмацияны қайталап жүріңіз:
Махаббат мені жетістікке жетелейді.
Оған қоса бұл іс-әрекетіміз әрдайым болжай бермейтін қауіп-қатерге қарсы тұратын күшті қорғаныс. Бұл формуланы іске қоса отырып, сіз оның энергиясын сезініп, тербелісін сананың әртүрлі деңгейінде қабылдайсыз.
Байлық формуласы
Сан Лайт бұл формуланы Соломон патшаның өзі ізбасарларына қалдырғандығын жазады. Бастапқыда «Соломонның өсиетінде» «ақша» сөзінің орнына «байлық» сөзі қолданылған. Қаласаңыз, бұл формуланы бастапқы көрінісіне қайтара отырып, ауыстыруға болады. Формула үш мәлімдемені қамтиды:
Мен ақша шақырамын.
Мен бақытқа сенемін.
Мен махаббатты арттырамын.
Осы формуланы күн сайын таңертеңнен бастап қайталаңыз, тіпті ән қылып айтыңыз.
Ақша формуласы
Бұл формула молшылық тербелісін оятуға және Ғаламмен байланыс орнатуға көмектеседі. Ғалам тапшылықты білмейді, онда барлығы да жетеді – мұны бүкіл табиғат паш етеді. Өзіңізді ғаламның бір бөлшегі деп білсеңіз, оның шексіз байлығы мен кемелдігін толықтай сезіне аласыз.
Ғаламдық молшылық менің өмірімде ақша ағымымен көрінеді.
«Ағын» сөзін 2 рет айтып, оң қолдың бас бармағы мен сұқ саусағын біріктіріп, медитация жасаңыз, сізді күн сәулесінің шуағы тәрізді энергия ағыны толтырып жатқандай елестетіңіз.
«Ағын» сөзін айтып, саусақтарыңызды екі рет біріктіргенде сана-сезіміңізде табысқа жету бағдарламасы іске қосылады, ал Сіз ақша мен жетістікті тартатын магнитке айналасыз.
Үш элемент формуласы
Әрбір элементтің құдіретті күші бар. Ол – өмірді жақсарту үшін пайдалануға болатын энергия. Осы формуламен жұмыс істеу арқылы элементтерді молшылық энергиясының табиғи жетекшісі ретінде қолданасыз. Ауа, су, күн (от) – осы үш элемент шоғырланған жерге барыңыз да, төмендегі сөздерді 21 рет қайталаңыз:
Мен молшылықтың ауасымен тыныс аламын.
Мен байлық суында шомыламын.
Мен бақыт күніне қанығамын.
Тыныстаған кезде элементтердің энергиясы денеңізді қалай толтырып жатқанын елестетіп көріңіз. Молшылық, бақыт және байлық энергиясымен дем алып, оларды күн шуағына шоғырландырыңыз. Сосын мақсатыңызды елестете отырып, деміңізді шығарыңыз.
Алғыс айту формуласы
Алғыс айту – өмірде айтарлықтай маңызды күшке ие. Энергия алмасу механизмі дәл осы алғыс айту арқылы жұмыс істейді. Барлық кезде – ақша немесе басқа материалдық құндылыққа қол жеткізгенда келесі формулаларды айтыңыз:
Рақмет саған молшылық.
Рахмет саған құдіретті күш.
Рақмет саған сәттілік.
Алғыс айту өзіңіз қалаған нәрсеге ие болғандығызды білдіреді. Ризашылық – ақшаны, табысты шақырып, жасырын тілектерді орындайтын ең сиқырлы құрал.