Құрамы:
Сары май – 75 гр
Су -95 мл
Сүт – 95 мл
Татымына қарай тұз
Қант 1/2 ш.қ.
Жоғарғы сортты ұн – 115 гр
Жұмыртқа – 3 д
Кілегейлі ірімшік 200-250 гр
Дайындау әдісі:
- Алдымен кәстрөлге су, сүт құйып, тұз, қант, май қосып, қайнатып алу қажет.
- Кейіннен қоспаға ұнды салып, қамыр тығыздалғанша ыстық отта араластыру керек. Артынша отты сөндіріп, суыған қоспаға жұмыртқаларды асықпай саласыз.
- Суыған қамырды кондитерлік қапқа салып, пештің табасына пішінін дөңгелектеп, әдемілеп орналастырыңыз.
- Қамырды 190 градуста қызып тұрған пешке салып, 30-35 минут пісіріңіз. Бұл уақытта салмасына кірісуге болады. Ол үшін ақсеркені алдын ала жіңішке етіп турап аласыз.
- Профитроли пісіп, дайын болғаннан кейін екіге, арасына кілегейлі ірімшік салып, үстінен кесілген ақсеркені қоясыз. Соңынан ақжелкенмен әсемдеп, ұсынсаңыз болады.