TrendСән

Жайлылық бірінші орында!

PDWR ұсынған киімдер кез келген арудың гардеробында болуы тиіс. Себебі бұл отандық бренд жайлылық пен жоғары сапаға кепілдік береді. Дизайнерлердің жаңа топтамалары өзінің ерекше пішімдерімен көзге түседі.

Отандық PDWR бренді шығаратын топтама жайлы әрі әрдайым өзекті болып қалады. Себебі оны кешкілік кездесулерге де серуендеуге де киіп баруға болады.

Бренд ұсынған киімдерді базалық түстердің арқасында өзара және басқа да киімдермен ұтымды үйлестіріп киюге болады. Топтамалардың барлығы жоғары технологиялық ауа өткізетін маталардан тігілген.

PDWR брендінің артықшылығы:

Инстаграмда ұсынылған барлық өнімдер брендтің жекеменшік өндірісінде жасалады. Бұл киімдердің жоғарғы сапасына кепілдік береді. Сондай-ақ, дизайнерлік топтамалар кез келген жерде сәнді көрінуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, сіз командаға арналған костюмдерге тапсырыс беріп, қажетті өлшемдерді, түсті, логотипті де таңдай аласыз. Отандық PDWR брендінің инстаграм парақшасы да сатып алушылар үшін ыңғайлы етіп жасалған. Парақшаға кірген қолданушы өзіне ұнаған киімнің бағасын, түсін, нақты өлшемдерін және қандай матадан тігілгенін оқып, біле алады.

Сондай-ақ, бүкіл Қазақстан бойынша жеткізіп салу қызметі бар. Тауарды алғаннан кейін оны киіп көруге болады. Киімнің өлшемі сәйкес келмеген жағдайда оны қайтаруға болады.