Салманың құрамы:
900 гр асқабақ
250 гр ет
3 бас пияз
0,5 шай қасық күнзе
Қамырына: ұн, су, тұз, жұмыртқа керек.
Дайындалуы суреттің төменгі жағында 👇👇👇
- Әуелі иіні қанып тұруы үшін қоспалармен қамырын илеп аламыз.
- Сосын асқабақ, ет, пияз үшеуін тазалап, ұсақ, төртбұрыштап турап, тұз бұрыш және күнзені қосып, қызып тұрған майға шала қуырып аламыз.
- Енді мәнтіні дайындау үшін қамырды екіге бөліп, шұжық етіп, созамыз.
- Оны кішкене дөңгелектерге бөліп, әрқайсысын оқтаумен жайып шығамыз. Қамырдың қалыңдығы 1,5 мм болуы керек.
- Ішіне салмасын салып, шашылып қалмас үшін мәнтіні бірде-бір саңылау қылдырмай түйеміз.
- Одан соң, бәрін көп мөлшердегі майға қызарғанша қуырып аламыз.
- Қуырылған мәнтіні мәнті пісіргіш ыдысқа 30 минут пісіреміз.
- Осылайша хошан мәнті дайын. Оны «лазжан» тұздығымен бірге ұсынамыз.