№1 Аяқ-қолыңыздың ұйып, арқаңыздың құрысып қалуы
Сіздің ағзада кальций мен кали және магний тапшылығы байқалады. Бұндай жағдайда саумалдық пен брокколи, бадам және орман жаңғақтарын ас мәзіріне қосқаныңыз дұрыс болады.
№2 Ауыздың уылуы, ауыздықтың шығуы
Сізге темір , мырыш В3, В2 және В12 дәрумендері жетпейді деген сөз. Қыс мезгілінде ет пен балық және жұмырқа жеуден жалықпау керек. Ас бұршақ пен қызыл бұрышты да осы мәзіге қолданғайсыз.
№3 Қол мен аяқтың тартылып қалуы
Фоли қышқылы мен В6 мен В12 дәрумендері жетіспегенде осындай тартылып қалу жағдайы болады. Көңіл-күйіңіздің түсіп кетуі де осы дәрумендердің жетіспеушілігінен деп білеміз. Жаңғақтар мен құрғатылған таңқурайдың құрамында аталмыш дәрумендердің көп екенін айтып өтейік.
№4 Шаштың түсуі мен бетке түскен секпіл
Биотинғ яғни В7 дәрумені жетпеген жағдайда орын алатын жағдай. Авокадо мен қызыл балықты тұтынудың пайдасы бар. Бөдене жұмыртқасы да артық етпейді.
№5 Өкше мен тері қабатының жарылып кетуі
Зияны жоқ майлы тағамдар жеу керек. Мәселен майлы балықтар мен бадам , грек жаңғақтарының пайдасы мол. Сонымен қатар тамақтануда қызыл бұрыш пен сәбізді пайдалануды әдетке айналдырғайсыз.