News

Қайырымдылық ұтыс ойынының тұсауы кесілді

Оңтүстік шаһарда қайырымдылыққа негізделген ұтыс ойынының тұсауы кесілді. Оған “Сәтті жұлдыз” ұтыс ойындарының операторы мұрындық болып отыр.

сурет kipyat.com сайтынан алынған

Қоғамда қайырымдылықты дәріптеуге бағытталған AVTO Loto лотореясында кез келген адам ұтыс билеттерін сатып алып, қайырымдылық қорлары ұтысқа тіккен автокөлікке ие бола алады. Айта кету керек, ұтыс ойындарының басшыларының айтуынша лотореялық ойындар барынша ашық әрі әділ болмақ. Ойынға қатысу үшін билеттерді www.avtoloto.kz сайтынан сатып алуға болады.

AVTO LOTO жобасының Бас директоры Ескендір Жәркешов:

“Ұтыс ойынының әділ әрі ашық болуын біз арнайы орнатқан заманауи қондырғы қадағалайды. Яғни, лоторея адами ресурстың қатысуынсыз, бұрмалаусыз өтеді деген сөз. Оған қоса мемлекеттік бақылаушы органдарға да арнайы есеп беріп отырамыз. Бұл туралы мемлекеттік мекемелермен келісім шарт жасалған. Келісім аясында AVTO LOTO лотореясынан түскен табыстың 15% -ын біз мемлекетке мәдениет пен спорт саласын дамыту үшін жіберіп отырамыз. Бұл дегеніңіз қайырымдылықтың екі бағытын қамтиды деген сөз:

Біріншіден, қайырымдылық қорлары өз активтерінде бар автокөліктерді ойнатып, түскен қаражатты мұқтаж жандарға бөледі;

Екіншіден, түскен табысқа біз жастарды спорт мен мәдениетке баулуға үлес қоспақпыз”. 

Қайырымдылық лотореясы қазір “Луч света” (аутизм және өзге де ауытқуы бар балаларға көмектесетін ұйым), “Кең жүрек” (эпилепсиясы  бар балаларды тәрбиелеп отырған жанұяны қолдаушы ұйым) және “Дара” (балалар үйіндегі жасөспірімдерді және оларды білімін жетілдіретін ұйым) қорларымен бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Ұтыс ойындары AVTO LOTO сайтында тікелей трансляцияда жүргізіледі.

Айта кетейік, жаңа ұтыс ойынының тұсау кесері Алматыдағы CHILLI Summer Bars & Music мейрамханасында өтті. Оған қаладағы зиялы қауым мен журналист, блогерлер қатысып қайырымдылыққа бағытталған лотореяны насхаттауға өз үлестерін қосты.