ДенсаулықДиета және фитнес

Қоректік қажеттіліктер

Мамандар жер бетінде дәрумендер мен микроэлементтер тапшылығы басталды дегенді айтып дабыл қағуда. Ендеше, біз үшін ауадан кейінгі 10 пайдалы қажеттіліктермен таныс болыңыздар.

 

Е дәрумені

Табиғи майлары мен дәндері бар өсімдіктер өте пайдалы. Ондай өсімдіктер қан тамырлары жолдарын күшейтіп, инфаркт пен инсульттің алдын алады және ағзаның қартаюынан сақтайды.

Фолий қышқылы

Бұл қышқыл дәнді дақылдар мен жасыл көкөністерде, цитрусты өсімдіктерде кездеседі. Ол С және В дәрумендерінің орнын толықтыру үшін қажет. Көбіне жүкті әйелдерге баланың дұрыс дамуы үшін ұсынылады.

С дәрумені

Жидектер мен цитрусты өсімдіктерде, тәтті бұрыштар мен гүлді қырыққабатта осы дәрумен молынан бар. Бұл дәруменге бай ағза сыртқы қабынулардан, инфекциядан қорғана алады. Қышқылды реттеп, зат алмасу процесінің реттелуіне үлес қосады.

РР дәрумені

Ас бұршағы мен жалпы бұршақ тұқымдас өсімдіктер құрамында көптеп кездеседі. Бұл дәрумен қан құрамында қалыптасатын майларды бақылап отырады.

Темір

Ет пен бауыр, теңіз өнімдері, жасыл жапырақты көкөністерде бар. Қан аздығының алдын алады.

Калий

Банан мен жүзімде, апельсин мен ақжелкенде, сүттің құрамында бар. Жүрек бұлшық етіне аса қажет.

Бета-каротин

Асқабақ пен сәбізде, тәтті бұрышта кездеседі. А дәруменінің жеткілікті болуына септік етеді. Иммундық жүйе мен теріге, көзге өте пайдалы.

D дәрумені

Майлы балықтар мен бауырда, жұмыртқа сарысында бар. Рахиттің алдын алады.

Кальций

Сүт пен йогурт, ірімшік, сүзбе сондай-ақ сүт өнімдерінің барлығында бар. Остеопороздың алын алып, сүйектің мықты болуына үлес етеді, тістің саулығына да қажет. D дәруменімен бірге қолдануға болады.

В тобындағы дәрумендер

Ет пен балықта, сәбіз бен қатты ірімшікте, гүлді қырыққабатта, дәнді дақылдарда мол орналасқан. Жүйке жүйесіне пайдалы. Бұл топтағы дәрумендердің тапшылығы есте сақтау қабілетін төмендетеді.

Керек кеңес

Вегетариандықтар секілді көкөністі көп жесеңіз, құнарлы дәрумендерге ие боп қана қоймайсыз, артық салмақтан да арыласыз. Мәселен, құрамында көміртегі көп саналатын кеспелерге қарағанда өсімдік езбелері әлдеқайда пайдалы. Жеміс шырындарының да қоректік дәрумендері мол екенін есте сақтағайсыз.

Сіз білесіз бе дәруменге ең бай жаңғақ болып есептелінеді. Ғалымдар жаңғақ майының жүрек қан тамырларына пайдасын дәлелдеді.