XX ғасырдың 80-ші жылдарында сән сахнасының көзайымына айналған туындылар қайта оралды! Олар – жануарлар әлемі мен табиғат көріністеріне негізделген анимализм үлгісі еді.
Бұл тренд бүгінде өз құндылығын жоймай, замануи үлгіде қайта жаңғыруда. Әсіресе, барыс, сілеусін және гепард секілді жыртқыш аңдар принті ерекше сұранысқа ие.
Сәнгерлер жануарларды сақтау үшін аң терісін жасанды талшықтардан жасап, өрнектерін түрлі бояулардың көмегімен салуда. Бұл үлгідегі киімдер көп қыз-келіншектерге ұнайды. Бірақ, бәрінде «оны немен киемін?» деген сұрақ туындайтыны рас.
Егер жаныңызға бейтарап дүниелер жақын болса, жабайы аңдар принтіне бәсеңдеу: бозғылт, құм түстес, сұр, сепия түсті немесе алтын қоңыр түстері сәйкес келеді. Екіншіден, жыртқыш принтті заттарды үлгінің бір бөлігі ретінде тұтынса, күнделікті қолдануға да болады. Мысалы, ақ кеды мен қара футболканы анималистік арқа сөмкесімен үйлестірсеңіз, сәнді көрінеді. Я болмаса, барыс өрнекті сырға, сөмке немесе білезікке екпін түсірсе, ғажап көрініс сыйлайтыны сөзсіз.
Киімдер топтамасында жабайы аңдар принті болса, оны бір түсті үлгімен толықтырыңыз. Мысалы, ашық түсті, бірақ көзтартпайтын киімді қаласаңыз, қызыл барыс кескінді белдемшені таңдап, қалған бөлігіне қара, не ақ киім киіңіз. Zara, 10 990 теңге.
Жыртқыш принтті заттарды үлгінің бір бөлігі ретінде тұтынса, күнделікті қолдануға да болады. Мысалы, ақ кеды мен қара футболканы анималистік арқа сөмкесімен үйлестірсеңіз, сәнді көрінеді. Я болмаса, барыс өрнекті сырға, сөмке немесе білезікке екпін түсірсе, ғажап көрініс сыйлайтыны сөзсіз.Аңдар өрнегіне көмкерілген үлпілдек көйлекті күзгі етікпен киіп, одан бетер сәнді етіп көрсетуге болады. Mango, 32 990 теңге
Стилист: Вероника Булгакова-Гудзь