NewsСән

“Қазақстан Аруы” ұлттық сұлулық байқауы хас сұлуларды іздестіру үстінде

Алматыда «Қазақстан аруы» ұлттық сұлулық байқауының жұмысына арналған баспасөз-конференциясы өтті

«Қазақстан аруы» ұлттық сұлулық байқауы жыл сайынғы дәстүрге айналған және елдегі ең көп күтілетін шаралардың бірі. Байқаудың ұйымдастыру комитеті жыл сайын маусымның тақырыбын жариялайды және шара қазақстандық әйелдердің сұлулығы мен талантын ашуға ғана емес, сонымен қатар халқымыздың ұлттық құндылықтары мен салт-дәстүрлерін дәріптеуге, мәдениетін, киім-кешектерін дамытуға күш салады және тіл, сондай-ақ бұқаралық спортты қолдау, қоршаған ортаны қорғау және қайырымдылықты дамыту бастамаларын алға тартады.

 

Баспасөз мәслихатында спикерлердің презентациялары ұсынылды, олар алдағы жарыс туралы маңызды жаңалықтарын бөлісті. Олардың қатарында байқаудың PR-директоры Кәмшат Әкімқожа, қайырымдылық менеджері Рамина Ибраимова, байқаудың кастинг-директоры Диана Әбішева, «Қазақстан аруы-2022» байқауының жеңімпазы, байқаудың елшісі және «Жер аруы-вице-мисс-2023» титулының иегері Дильназ Тилаева, «Қазақстан аруы-2023» Сабина Ыдырысова, «Ғалам аруы Қазақстан-2023» Мадина Әлмұханова және «Жер аруы Қазақстан-2023» Аяулым Әлімхалиева болды.

Раминаның айтуынша, байқау жеңімпаздары қазірдің өзінде 12 қайырымдылық бастамаға, соның ішінде «Алматы – біздің ортақ үйіміз» акциясына қатысқан. Ал байқау елшісі Дильназ Тилаева халықаралық аренадағы байқауға қатысу тәжірибесіне тоқталып, ұйымдастыру сапасы жағынан «Қазақстан аруы» әлемдік байқаулардан еш кем түспейтінін айтты. Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстан аруы» байқауының жеңімпаздарына «Әлем аруы», «Жер аруы» және «Ғалам аруы» сияқты байқауларда өнер көрсетуге мүмкіндік беретін үш халықаралық лицензияға ие.

 

Байқау серіктестері де шет қалмай, баспасөз конференциясының қонақтары арасында LabFab компаниясының косметологиялық қызмет көрсету сертификаты және ChinChin компаниясының сыйлық қорабы түріндегі сыйлықтарды ойнатты.

Байқаудың кастинг-директоры Диана Әбішеваның айтуынша, биыл байқауға қатысу үшін ашық кастингтер еліміздің 15 қаласында, соның ішінде Астана мен Алматыда өтеді. Қыздарға қойылатын негізгі талаптар: жасы (18-25 жас), бойы (165 см-ден жоғары), Қазақстан Республикасының азаматтығы бар, некеге тұрмаған және балаларының болмауы. Барлық ықтимал қатысушы конкурс веб-сайтында онлайн өтінімді толтырып, кастингке тікелей қатыса алады.

Жаңа маусымның басты тақырыбы – «The art of being a woman», аудармасы «Әйел болу – өнер» дегенді білдіреді. Ұран қыздардың өнердегі және шығармашылықтағы дарындарын ашып қана қоймай, әйелдердің спорттан бастап, әлеуметтік мәселелерге дейінгі әртүрлі салалардағы қызметін көрсетуді көздейді.

Қазақстанның барлық қалаларында кастингтер басталып кетті, ол туралы соңғы жаңалықтарды байқаудың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан бақылап отыруға болады.