LookСән

Кербез көркем ALKENDA

Alkenda – жас әрі айбынды отандық бренд. Дизайнер Ақтоты Дәрменқызы Әлкенова – соңғы екі жылдан бері өз брендінің негізін қалап, қазақстандық қыз-келіншектерді өз туындысымен қуантып жүрген дарынды сәнгер.

Еуропалық Өнер Академиясының дизайн мамандығы бойынша түлегі болған Ақтоты 2021 жылы тек  жақындары мен достарына ғана киім тігіп жүреді. Көптің көңілінен шыққаны сондай, халық қошаметіне бөленіп түрлі тапсырыстар ала бастаған. Содан бері Ақтоты Әлкенова өз брендін ашып, жеке туындыларын жарыққа шығара бастапты.

Брендтің ресми ашылуы биыл Ақтау қаласында өткен Malique Fashion Show сән көрсетілімінде өтті, – дейді Ақтоты. Қазір ол өзінің жеке шоурумының ашылуына қызу
дайындық үстінде.


БРЕНД МАҚСАТЫ: Қазақстанның Fashion индустриясын дамытып қана қою емес, әлемдік аренада өз туындыларын паш ету және сол жақтан өзінің сән үйін ашу.
БРЕНД ЕРЕКШЕЛІГІ: Өзінің жеке қолтаңбасы бар сәнгер. Жайлылық пен заманауи әйелге тән келбетті үйлестіре отырып, тренд көшінен алда тұр.
НЕ ШАБЫТ БЕРЕДІ? Ақтотының шабыт көзі – музыка және саяхат.