Айтулы маусымның трендіне айналған көйлектер жеңілдік пен сергектік әсерін сыйлайды. Сондай-ақ, бұл маусымда кардиган мен пиджак кию де сәннен қалмақ емес.
1.CRISTIAN DIOR
2. ALBERTA FERETTI
3. VALENTINO
Сылқым сұлу
Көп әйелдер комбинезонға қатысты жансақ пікірде. Оларда «комбинезон әр кез бір ғана стильді сипаттайды» деген ой қалыптасып қалған. Бірақ, бұл‒ дұрыс емес. Бастысы, кез келген үлгіде үйлесетіндей дұрыс комбинезон таңдай білу керек.
Tory Burch
163 000 теңге
Jacquemus
110 460 теңге
Marc Le Bihan
1 019 000 теңге
Jimmy Choo
1 062 000 теңге
Серуен стилі
Комбинезонның ішінен жарасымды ішкөйлек киіңіз. Сондай-ақ, бұл образды сәнді әрі аяққа ыңғайлы кроссовка аша түседі. Киім үлгіңізді түрлі-түсті білезіктер мен күннен қорғайтын көзәйнек толықтырады.
Кешкі стиль
Комбинезонның сыртынан шілтерлі кеудеше кисеңіз, кез келген отырыстың «сылқым ханымына» айналасыз. Киім үлгіңізге одан сайын дем беру үшін биік өкше аяқ киім киіп, қолыңызға шағын сөмке ұстап, құлағыңызға сәнді сырға тағыңыз.