News

БОГЕМА РАПСОДИЯСЫ АЛМАТЫДА: Қайталанбас  QUEEN SHOW

ХХ ғасырдың қайталанбас хиті болған «Богема рапсодиясы» MARK MARTEL-дің орындауында Қазақстанда тек бір-ақ рет шырқалады.

QUEEN SHOW жылдың ең басты музыкалық жаңалығы болып қалатыны сөзсіз. Шоу әйгілі Фредди Меркьюри мен Queen тобы қайта тіріліп келгендей әсер қалдырары анық.

Аты шулы «Богама Рапсодиясы» фильміндегі басты рөлді Рами Малек ойнағаны белгілі. Ол рок ардақтысының образын сәтті сомдап шықты. Дегенмен, фильм түсірілімі басталуға жақындаған кезде Марк Мартелдің жұлдызы жарқ ете қалды. Оның дауысы мен Фредди Меркьюридің вокалын ажырату мүмкін емес еді. Бұл құбылысты тыңдармандар, музыкант әріптестер, Роджер Тейлор тобының барабаншылары мен Грэм Кинг таспасының продюсері де мойындапты. Фильмдегі вокал партиялардың денін дәл осы Марк Мартел орындаған.

Мартел, Меркьюридің вокалдық сыңары деп танылғаннан кейін, ол Queen Extravaganza трибьют-ұжымының солисті атанды. Мартелдің  Somebody to Love әнін орындаған видеосының үзіндісі санаулы күн ішінде желіде кең тарап, миллионнан аса қаралым жинаған.

The Queen Extravaganza – Queen  тобы мен аты аңызға айналған Фредди Меркьюридің өнерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, насихаттап келе жатқан концерттік шоу.

Queen-мен бірге  Somebody To Love  әнін демо нұсқада жазып, ол YouTube-те 9 000 000 қаралым жинаған соң Марктің мансаптық жолда бағы жанып, тасы өрге домалады. Осыған дейін Марк сегіз жылын өзінің Downhere тобына арнаған. Топ мүшелері канада христиандарының софт-рок әндерін орындап жүріпті.

Марк 1976 жылы  16 қарашада Канаданың Монреале қаласында дүниеге келген. Оның музыкаға ғашық болуына ата-анасының ықпалы зор. «Briercrest» колледжінде және Саскачеван провинциясындағы семинарияда оқыған кезде де музыканы жанына серік еткен.


– Соңғы бірнеше жылда шоу жасаймын дегенді ойлаған емеспін. Бес-он адам келіп: «Осыған дейін саған біреу  ән патшалары секілді шырқайтыныңды айтты ма», немесе «ән патшалығынан келген жігіт секілді», я болмаса «Фредди Меркьюри» деп айтып жататын»,-дейді Марк.

Bohemian Rhapsody әнінің өмірге келгеніне 40 жылдан асты. Десе де, ол әлі күнге дейін меломандардың жүрегінен орын алып келеді. Енді сіз оны Алматыда жанды дауыста тыңдай аласыз.


Жылдың ең әдемі музыкалық кеші Республика сарайының залында өтеді. Бұл жерге еліміздің әр өңірінен Queen мен аңыз адам Фредди Меркьюридің жанкүйерлері жиналады. Мұндай шарадан құр қалмауыңыз керек!

Билеттер құны 10 000 теңге мен 50 000 теңге аралығында. Қазақстанның барлық кассалық операторларынан ала аласыз.

 Республика Сарайы, Алматы қаласы

12 маусым, сағат 19.00-де басталады.