Ас мәзіріТәтті дәм

REDMOND SkyBaker: Уақытты сіз басқарасыз

Қазір әйелдер үй шаруасын қалай жеңілдетемін десе де өзі біледі. Кір және ыдыс жуатын машиналар тұрмысты жеңілдеткенімен, тамақ пісіру оңай шаруа емес. Мультиқайнатқыштар бізсіз-ақ өздері сорпа, езбе қайнатып, рагу, палау пісіре береді. Бірақ, отбасы мүшелерін жұлдыз, жүрек пішінді дәмді печеньемен, вафель түтікшелерімен қуантқымыз келсе, ас үйде сағаттап жүріп қалатынымыз рас. Қамыр илеп, оны қалыпқа саламыз, кейін күйіп кетпесін деп мұқият бақылап отырамыз.

Арманыңыздағы шағын наубайханаға қол жеткізіңіз!

Отанасы жан рахаты үшін тәттілер пісірсін деген мақсатпен REDMOND мамандары бірнеше қызмет түрі бар ақылды Мультипекарь ойлап тапты. Онымен түрлі дәмді тағам пісіруге де, қуыруға да болады. SkyBaker RMB-M657/1S Ақылды Мультипекарь  сыртынан қараған жанға вафель пісіретін құралға ұқсайды. Бірақ оның мүмкіндіктері өте көп. Ақылды Мультипекарьдің қырықтан аса тақтайшасы бар. Оларды ауыстырып салуға болады. Онымен жаңғақ печенье, қамыр арасына салынған шұжық, веналық және гонконктық вафель немесе испандық чурросты дайындай аласыз.

SkyBaker RMB-M657/1S моделінде ауыстырмалы бір жиынтық қоса жүреді. Бұл Мультпекарьді қажетті қалыпқа икемдеп, өзіңізге ыңғайлы жеке шағын наубайханаңызды жасақтап алуға мүмкіндік береді. Кішкентай балаларыңыз бар ма? Балаларға сан, әріп, арифметикалық амалдарды үйрететін арнайы тақташа формасы да бар. Мұндай формаға салып пісірген тағамыңыз балаңыздың алфавит жаттап, сөз құрастыруына және амалдарды шешуге көмектеседі. Таңғы асқа әр түрлі қосындысы бар ыстық бутерброд жегіңіз келетін шығар?  RAMB-01 (Сэндвич) тақтайшасымен ойыңыздағы сэндвич дайындап алсаңыз болады.

Тез, оңай және ыңғайлы – смартформен бірге ас әзірлейміз

Бәліш пісіретін болсаңыз, қосындының барлығын формаға салып, Ready for Sky мобильді қосымшасы арқылы уақыт белгілейсіз. Алаңдап, бірнеше мәрте пешті тексерудің қажеті жоқ. Уақыты келген кезде ақылды Мультипекарь сіздің телефоныңызға хабарлама жібереді де, бірден өзі өшеді. Осылайша, дайындайтын тәттіңіз күйіп кетпейді.

Дүкен ішінде шаруаларыңыз бітпей, көп жүріп қойдыңыз делік. Дайындап кеткен асыңызды уақытында отырып іше алмайсыз жатырсыздар. Ондай кезде смартфоныңызға жүктелген қосымшаның ішінен «Автожылыту» қызметін қоссаңыз, онда дайын болған тамақ үш сағатқа дейін суымай, ыстық күйіндесақталып тұрады.

Отбасыңыз үшін аса пайдалы

Дүкендегі дайын тәттілер мен жартылай фабрикат өнімдердің құрамында жасанды бояулар мен консерванттар, пальма майы мен басқа да қосындылар өте көп. SkyBaker десерт пен дайын тұшпара сатып алуға қарсы. Одан толық бас тартуыңызға барлық  мүмкіндікті жасайды. Ақылды Мультипекарь көмегімен үйде крекер, бисквитті бәліш, шағын пицца және тағы да басқа тәттіле мен диеталық асты дайындай аласыз.

Ақылды Мультипекарьдегі барлық формада күйіп кетуден сақтайтын жабын бар. Ірімшік қосылған тәтті, тауық оладьиін, қақталған балық пісірсеңіз де май қолданбасаңыз да болады.  Тағамыңыз күйіп, жоғары қақпағына жабысып қалу деген келеңсіздіктерге тап болмайсыз. Есесіне, дайындаған асыңыз майлы емес, дұрыс тамақтану тәртібіне 100 % сай келеді.

Қосымшадағы рецепт кітабы

Жақындарыңызды дәмді әрі бұрын-соңды жеп көрмеген асымен қуантқыңыз келетін шығар? Онда қосымшадағы кулинарлық кітапты кәдеңізге жаратыңыз. Ол жерден тойымды, тәтті және пайдалы астың түр-түрін табасыз. Әрбір рецепт кезең-кезеңімен суреттері арқылы анық көрсетілген. Сонымен қатар, сіз дайындайтын тағам үшін қандай форма сай келетінін де анықтап  береді. Көңіліңізден шыққан тамақты «Таңдаулылар» қатарына қосып қойыңыз, кейін тауып алу оңай болады.

Кітаптағы рецепт бойынша дайындау өте жеңіл. Барлық қосындыны дайындап, тақтайшаға саласыз. Смартфон қосымшасындағы арнайы түймені басасыз. Қажетті уақытты өзі анықтап, аяқталған кезде сізге хабарлама жібереді. Әрі  автоматты түрде сөнеді. Ақылды Мультипкарьмен ас дайындаған кезде бірінші рет тамақ пісіргелі жатсаңызда,   сапасына алаңдамасаңыз да болады.

Ақылды Мультипекарь SkyBaker-мен үйде тәттілер пісіру сондай жеңіл, ыңғайлы әрі тез. Тақтайшаларды таңдап алып, түрлі эксперименттер жасап көруден қорықпаңыз. Өзіңіз үшін, жақындарыңыз үшін жақсы жаңалық ашатыныңыз сөзсіз. Ең бастысы, дәмді ас пісіремін деп сағаттап ас үйде жүріп шаршамайсыз.