News

Жәмиля Серкебаева Алматыда Jazz Violin кешін өткізеді

Өзгеше ән кешін 23 наурыз күні ұйымдастыру жоспарланып отыр. Музкафедегі сенбінің әдемі кеші әлемдік хиттермен және джаз әуендерімен есте қалатын болады. Сонымен қатар, жаңа интерпретациядан өткен қазақтың халық әндері де шырқалады.

Жәмиля Серкебаева бұл жобаны 2019 жылдың қаңтар айында қолға алған. Скрипкашымен бірге Қазақстанның үздік музыканттары Александр Фишер (ритм-гитара), Рүстем Заитов (бас гитара), Наиль Галиев (барабан), Жеңіс Нұрғали (фортопиано) да кештің өтуіне атсаласып келеді.

Кешке Толқын Забирова, Сергей Шабунин, Әлішер Кәрімов, Еділ Құсайынов, Сәтжан Шәменов, Парвиз Назаров және тағы да басқа эстрада өкілдері қонақ болып келмек. Жұлдызды меймандармен бірге ерекше кештің тұңғыш куәгері болыңыз.

 

 

Күні / уақыты: 23 наурыз, сағ. 19:30

Өтетін орны: Музкафе ( Абая даңғылы, 117)

Билет құны: 5000 теңге