Вероника Булгакова-Гудзь,
«Сырласу» журналының стилист
insta: veronika_bulgakova_gudz
ХХ ғасырдың 90-шы жылдарындағы көзілдіріктер қайтадан танымалдықтың шыңына шықты. Яғни, жіңішке, ғарыштық бейнедегі шағын көзілдіріктер қайта оралды.
Кез-келген трендте оның бөлшектеріне екпін беріледі. Мысалы, 90-шы жылдардағы қара жиекті көзілдіріктер фантастикалық фильм кейіпкерлерін еске түсіретін. Қазір де жіңішке болғанымен, жиектері қызыл, сары, жасыл түсті, сондай-ақ, ою-өрнекті немесе мөлдір болып келеді.
Gucci, Balenciaga және Prada сияқты танымал сән үйлерінің көрсетілімдерінде аксессуарлардың футуристік бағыты басты назарға алынды. Тіпті соңғы жылдары мысық көзілдіріктер айтарлықтай танымал болып, сән әлеміне өз үстемдігін жүргізді.
Бұл көзілдіріктер негізінен спорттық трендке жатады. Ол қазіргі OVERSIZE худиі, көлемді кроссовкалар және белбеу сөмкелермен жақсы үйлеседі. Оған қарамастан, бұл аксессуарларды кез келген стильдегі киімдермен киюге болады. Романтикалық гүлді көйлектер, асимметриялы белдемшелер, шолақ шалбар және рюкзактармен тақса көзтартарлық бейне тудыратыны анық.
Бұл аксессуарды бет пішініне қарай таңдаудың қажеті жоқ. Бірақ оның беттен сыртқа шығып тұратын еніне мән беру керек.
Көзілдіріктердің тікелей тиімділігін, яғни көзді күн сәулесінен қорғауы жайында айтар болсақ, олар көзді күннен жақсы қорғамайды. Есесіне бұл маусымның ең сәнді аксессуарын тақсаңыз міндетті түрде көпшіліктің көзайымына айналасыз.