Перзентіңізбен қарым-қатынас кезінде мына сөйлемдердің ішінен қайсысын жиі қолданасыз?
- Саған қанша рет қайталауым керек? (2 ұпай)
- Маған ақылыңды айтшы. (1 ұпай)
- Мен өзіңсіз не істер едім? (1 ұпай)
- Кімге тартқансың өзің? (2 ұпай)
- Сенің достарың қандай жақсы балалар?! (1 ұпай)
- Кімге ұқсап туғансың? (2 ұпай)
- Мен сенің жасымда… (2 ұпай)
- Сен менің тірегімсің, көмекшімсің. (1 ұпай)
- Сенің достарың қандай-қандай балалар өзі? (2 ұпай)
- Сен осы не ойлап жүрсің? (2 ұпай)
- Сен менің ақылшымсың. (1 ұпай)
- Балаларым,сендер қалай ойлайсыңдар? (1 ұпай)
- Жұрттың баласы… (2 ұпай)
- Осыны ойлап тапқан басыңнан айналдым! (1 ұпай)
Енді жалпы ұпайды санап, жауапты табыңыз.
7–8 ұпай – Балаңыз екеуіңіз бір-біріңізді тілсіз түсінесіздер. Ол әдепті әрі сізді сыйлайды. Сіздердің ара қатынастарыңыз тұлғаның толық қалыптасуына мүмкіндік береді.
9–10 ұпай – Қарым-қатынастарыңыз бірізді емес. Иә, балаңыз сізді сыйлайды. Бірақ үнемі ағынан жарылып, сырын ақтара бермейді. Оның өсіп-жетілуіне кездейсоқ жағдайлар әсер етіп, соның ықпалында кетіп қалуы мүмкін. Сәбиіңізбен барынша ашық сөйлесіңіз.
11–14 ұпай – Бауыр етіңізбен қарым-қатынасыңызды өзгертіңіз. Балаңызға сенім артпайсыз, басына іс түскенде қолдамайсыз. Бұл араларыңыздың сууына, алшақтауына, ұрыс-керістің пайда болуына алып келеді. Осылайша тұлғаның қалыптасу жолында үлкен кедергі пайда болмақ.