Жан әлеміТест

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТЕСТ: Сізді уайымға салатын не?

e63e64e2-1d15-42a7-aefe-2dec72edc301

Қандай жағдай жүйкеңізді жұқартып, күйзеліске түсіретінін анықтап, онымен күресу жолдарын үйреніңіз.Бүгінгі қоғамда уайымға салып, шаршататын жайттар өте көп кездесіп жатады және олар әрқайсымыздың басымызда әртүрлі. Кейбіріміз жеке басымыздағы мәселелерге уайымдасақ, енді біріміз ақшаның жетіспеуіне қынжыламыз.

629Қаралымдар

Десе де психолог мамандар біздегі мұндай уайымдарды «азайтудың» өз жолдарын ұсынады. Күйзеліске түсіп, сары уайымға салынбау үшін бас ауыртатын мәселелерді емес, қуанышты жетістіктеріңізді көбірек ойлаңыз. Сондай-ақ жүйкеңізді жұқартатын басты мәселенің не екенін анықтап алыңыз. Бұз өз эмоцияңызды қадағалай алуыңызға көмек болмақ.

1.Әңгіме ақша жайында болғанда сіз…

А. Жөндеу жұмыстарын, пәтер ақысын немесе балалардың оқуын төлеу керектігін ойлап, уайымға салынасыз.

Ә. «Күтпеген қажеттіліктерге қойып қою керек еді» деп ойлайсыз.

Б. Ақшаңыздың қажетіңізге жеткілікті екенін білесіз.

 Егер «А» нұсқасын таңдасаңыз, демек, сізді қаржы мәселесі толғандырады. «Ә» нұсқасын таңдайтындар — жағдайды бақылауда ұстай алатындар. Ал «Б» жауабын тыныш ұйықтайтындар белгілейтіні анық. Десе де, олардың қатары алдынғы екеуінен әлдеқайда аз.

Кеңес. Бұл өмірде бізге бағынбайтын, қалауымыздан тыс орын алатын жайттар болады. Олардың кері әсерінен арылу үшін жағымды, ерекше қуанышты естеліктерді көбірек еске алыңыз. Мүмкіндік болса, таза ауаға шығып, табиғатты тамашалап, миыңызды тынықтырып, серуендеп қайтыңыз. Мұндайда уақыттың тапшылығын себеп қылып, демалысты кейінге шегермеген жөн. 20 минут уақытыңызды қиыңыз.

2.Сіздің мінез-құлқыңыз жайында сөз болғанда достарыңыз …   дер еді.

А. Оны кешкі кездесулерге шақырудан пайда жоқ. Ол бәрібір жұмыстан қатты шаршағанын алға тартады.

Ә. Көңіл күйі жақсы болса, одан артық сырлас жоқ.

Б. Ол — кез келген тосын оқиғаға дайын, үнемі мәз-мейрам болып жүретін жан.

Көптеген қыз-келіншектер «А» нұсқасын таңдайды. Өзіңізді бақылауға ала алмауыңыз күйзеліс пен үнемі шаршап жүруіңізге себеп болады.

Кеңес. Үнемі жайдары жүруге тырысыңыз. Керек болса, өтірік күліңіз. Өтірік күлкінің өзі пайдалы. Жаттығу үшін айнаның алдына тұрып, бастықтың кейпіне еніп көріңіз. Танауыңызды көкке шүйіріп, екі қолыңызды беліңізге таянып, айнаға қараңызшы. Езуіңізге күлкі өзі-ақ үйіріледі. Ал «бастықтарға тән» қимыл-қозғалыс күйзеліс гормондарын азайтып, өзіңізге сенімділікті арттыра түспек.

3. Жұмыс күні аяқталар кезде сіз…

А. Жұмыстан босай алмай, бастапқы қарқынмен жалғастыра бересіз.

Ә. Тезірек бітіруге асығасыз.

Б. Балаларыңыз бен үйдегі тірлігіңізді ойлап, тек маңызды қоңырауларға ғана жауап бересіз.

 Егер «Б» нұсқасын таңдасаңыз, сіздің жан дүниеңіз қалпында. Ал «А» мен «Ә» нұсқалары — қызметте біраз өзгерістер енгізу керектігінің көрсеткіші. Егер жұмыс орныңыз, кеңсеге кірудің өзі сіздің жүйкеңізді жұқартатын болса, тезірек шара қолданғаныңыз жөн. Телефон, электронды пошта сияқты мол мүмкіндіктер бар бүгінгі уақытта кеңседе отырмай-ақ та талай істі тындыруға болатынын естен шығармаңыз.

 Кеңес. Жұмысты жұмыста қалдыруды үйреніңіз. Кешкі ас немесе балалармен серуен кезінде жұмыста бітпей қалған тапсырмаларыңызды ойлап, жүйкеніңізді жұқартпаңыз. Ал қарбалас өткен жұмыс күнінен кейін әуезді әуен тыңдап, миыңызды тынықтырыңыз.

4. Отбасыңыз бен достарыңыз туралы ойлағанда сіз…

А. Жаныңызда тек жақсы адамдардың болғанына қуанып, өзіңізді бақытты сезінесіз.

Ә. Жаныңыздағылардың, жоқ дегенде, жартысынан тезірек құтылуды ойлайсыз.

Б. Оларды жаныңызға мейлінше жақындатпауға тырысасыз.

Қоғам қолдауы — күйзеліске қарсы таптырмас күш. Жалғыздық адамды терең ойға түсіреді. Егер сіз «А» жауабын таңдаған болсаңыз, айналаңызда арқа сүйер адамдардың бар болғаны. Дегенмен жақындардың үнемі таусылмайтын «ақылы» адамды шаршатып жіберетіні тағы бар. Сондықтан таразы басын тең ұстағаныңыз жөн.

5. Бәрінен де көбірек ұнайтыны…

А. Сыртқы мүсінім 100 пайыз;

Ә. Саусақтарым;

Б. Сымбатыма көңілім толмайды, уақыт өте бәрі жақсы болатынына сенемін.

«Ә» мен «Б» жауаптарының бірін таңдадыңыз ба? Журнал бетіндегі әдемі қыздарға қараған көптеген әйел заты күйзеліске ұшырайтын көрінеді. Демек, қыз-келіншектерді басқа мәселелер былай тұрсын, түр-келбеті мен артық салмағы да сары уайымға салады.

Кеңес. Көпшілігіміз қандай да бір көлденең келген мәселені ойлап, сары уайымға салынғанда өзімізді тоқтата алмай, «нансоғар» болып шыға келеміз. Қолымыздың табаққа қалай кетіп қала беретінін байқамай да қаламыз. Мұндайда тамақ көмек болмайды. Одан да жаныңызға маза бермей жатқан мәселені шешу жолдарын ойлаңыз.