Бустер косметикалық өнімдердегі белсенді компоненттердің дұрыс жұмыс істеуіне көмектеседі. Бұл – сарысу мен кремнің арасындағы ерекше өнім.
Бустер – пайдалы ингредиенттер көп шоғырланған косметикалық құрал. Оның құрамы әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, кейбір бустерлер бір сәттік әсерге қол жеткізуге бағытталса, ал өзгелері ұзақ әсер беруге арналған ингредиенттерден тұрады. Айтулы мақалада аталмыш косметикалық өнімнің теріге әсері мен қолдану тәртібіне тоқталмақпыз.
Жұмыс принципі
Теріге арналған бустер теріні сергітетін, оның сыртқы түрін, құрылымын жақсартатын және қартаю үдерісін баяулататын жандандырғыш тері толтырғыштарынан тұрады. Аталмыш өнім құрғақ, күңгірт немесе шаршаған теріні жақсартқысы келетін жандар үшін қолайлы. Бустер құрамында барлық тері типтеріне жарамды бірнеше негізгі ингредиенттер бар. Жалпы барлық бустер өнімдерінде гиалурон қышқылы кездеседі. Ол өз салмағынан 1000 есе артық суды тартуға әрі өз ішінде молекулаларды ұстауға қабілетті болып келеді. Бұл терең және табиғи ылғалдандыруды қамтамасыз етеді. Бустер күннен немесе безеу мен бөртпеден зардап шеккен терінің сауығуына ықпал етеді. Теріге арналған бустерлер барлық тері типіне қауіпсіз болып саналады. Ем-шара барлық адамдарға дерлік қауіпсіз, дейтұрғанмен емдеу барысында диабетпен ауыратын жандарға антибиотиктерден бас тартқан жөн. Ал гипертониялық науқастарға емдеу басталғанға бір апта қалған уақытта аспирин қабылдауға тыйым салынады.
Филлерден өзгешелігі
Филлерлер теріге екпе арқылы енгізілгенде қажетті жерлерге лифтинг әрі көлемді арттыру әсерін береді. Оларды ерін, жақ үлгісін, сондай-ақ беттің өзге бөліктерінің пішінін түзету үшін қолданады. Ал бустерлер көлемді арттыру немесе пішінді өзгерту үшін пайдаланылмайды, себебі олар теріге ылғалдандыру және оның сапасын жақсарту үшін енгізіледі.
Қолдану тәртібі
Косметикалық өнімді қолданар алдында бетті бірнеше бөлікке бөлу керек. Әр бет бөлігіне 1 мл бустер қажет. Мойын да оң және сол жартыға бөлінеді, олардың әрқайсысына 1 мл өнім қажет. Өнімнің оң әсерін келесі күні-ақ көруге болады, бірақ тері жағдайының толық жақсаруы 2-3 аптадан кейін көрініс бере бастайды.
Естеріңізде болсын: Теріңізге бустерді енгізгеннен кейін лазерлік процедураларды жасау ұсынылмайды.
Әсер
Бустер теріні қоректендіруге, қалпына келтіруге, нығайтуға, тіпті қарқынды терапияны ұйымдастыруға қабілетті. Әжімдерді толтыру әсері бар әртүрлі бустерлер немесе жандандыру бағдарламасы бар бустерлік өнімдер де көп. Тері рельефін қалпына келтірудің мұндай процедурасы әжімдердің коллагенмен, шоғырланған гиалурон қышқылымен немесе теріні көрнекі түрде тегіс, сау әрі жасырақ көрсететін өзге де ингредиенттермен толтыруға негізделген.
Ұқсас мақалалар:
Бет күтіміне арналған минимум косметика
Фейсфитнес: Бет күтіміне арналған жапондық массаж