Ақ босағаОтбасы

Ерлер мен әйелдер неліктен жыныстық қатынасты әртүрлі уақытта қалайды?

Ғалымдардың зерттеулеріне сәйкес, көптеген ерлер жыныстық қатынасқа таңда, ал әйелдер түнде түскенді ұнатады екен.

Әуелі бұған адамның физиологиясы тікелей әсер етеді. Ер азаматтар мен әйелдердің құштарлығы әртүрлі уақытта оянады.

Ер адамдар таңғы 6:00-ден 9:00-ге дейін, ал әйелдер кешкі 21:00-ден 23:00-ге дейін белсенділік танытады. Бұл гормондардың жоғары концентрациясымен байланысты.

Сондай-ақ, жыныстық қатынасқа деген құштарлықтың әркелкі уақытта пайда болуына адамның психологиясы да әсер етеді.  Ер адамдардың қалауы лезде лаулап, тез сөнеді, ал әйелдерге ер азаматтарға қарағанда көбірек уақыт қажет.  Олар бұл процесске моралды түрде дайындалуы тиіс. Ал таңда мұны жасау қиынға соғады. Әйел бұл кезде махаббат жайлы емес, күні бойы жасауы тиіс істер жайлы ойлайды. Ал күнделікті күйбең тірліктің қамын бітіргеннен кейін нәзікжандылар демалуға дайын болады. Алайда бұл уақытта ер адам шаршап, ұйқыны көбірек ойлайды.

Мамандар бұл мәселені оңтайлы шешу үшін ерлі-зайыптыларға жыныстық қатынасқа кешкі 20:00-ден кейін түсуге кеңес береді.