News

“Жаңару күні” мектеп оқушыларын ізгі істерге жетеледі

Алматы қаласы №7 мектебінің 6 “Д” сынып оқушылары Наурызнама қарсаңында ізгі іспен айналысып, мектеп ауласына ағаш көшеттерін екті. «Жаңару күні» қарсаңында жасалған шара жастарды мелекет саясатын қолдау мен қоршаған ортаны қорғауға бағыттылып отыр.

Осы мерекелік онкүндікте сәндік ағаштарды отырғызу маңызды қадам болды. Балалар мектеп ауласын абаттандыруға өз еңбектерін сіңіріп қана қоймай, сонымен қоса табиғатқа, экологияға деген қамқорлығын білдірді. Мұндай іс-шаралар қоршаған ортаны көркейтіп қана қоймай, өскелең ұрпақтың бойына табиғатты қорғау жауапкершілігін де тәрбиелейді.

Наурыз мейрамы ұлттық бірлікті нығайтуға, мәдени мұраны сақтау мен дамытуға, экологиялық келісімді сақтауға арналған ел өміріндегі маңызды сәтке айналады. Алматыдағы №7 мектепте ағаш отырғызу жастардың бұл мерекеге белсене атсалысып, ел болашағына үлес қосуының жарқын мысалы болды.