Ақ босағаАс мәзіріТәтті дәм

“Панакота” кілегейлі десерті

Тәтті дәмге кім үйір емес? Жанға рахат, сезімге қанат берер тәттіні өзіңіз әзірлегенге не жетсін!? Ал, сіз Панакота кіләгейін әзірлеп көріп пе едіңіз? Ендеше, біз ұсынған сәзірге назар салыңыз.

Құрамы:

  • 250 г. кілегей (33% майлы)
  • 80 г. қант
  • 8 г. желатин
  • ваниль сабағы не ұнтағы
  • 250 г. қою йогурт

Дайындау әдісі:

  1. Асты қалың ыдысқа клегей, қант пен ванильді, иогуртты қосып, төмен температуда қыздырамыз.
  2. Үздіксіз аралас­тырып, қайнағанға дейін қоямыз. Қайнап кетпегені маңызды.
  3. Желатинді 50 мл. жылы суға ерітіп, ыстық қоспаға құямыз.
  4. Дайын панакотаны арнайы ыдысқа құйып, салқындатамыз. 3-4 күн қойып қойса да дәмі жақсара түспек.
  5. Дайын десерттің бетін әртүрлі жеміс шәрбатымен әсемдеп, жақындарыңызға ұсыныңыз.

Аса қиын шаруа емес! Солай емес пе?

 

 

 

 

Салқын күндерде тәбетіңіз қашпасын.

Ұқсас мақалалар:

Қазақтың ұлттық асы “Бесбармақ”

Грузин асы “Оджахури”